- Негізгі бет
- Музыка
- Алматылық егіздер Ғаламның...
Алматылық егіздер Ғаламның вице-мистерлері атанды
Алматылық Сағир мен Сұлтантемір Бахтиярұлы атты 6 жасар егіздер Ғаламның I және II "вице-мистерлері" атанды.
Грузияда өткен конкурста жерлестеріміз көрермендер мен төрешілерді таңдай қақтырып, өнерімен тәнті етіпті. Сайыстың ұлттық директоры Натали Березовская журналистерге берген сұхбатында: "Жігіттер бар дарынын көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Бас жүлдені 8 жасар Америкалық Александр Ролинский алды. Дегенмен бұл жерде әділқазылықтан гөрі, саяси мотивтер жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе бұл екі бала бас жүлдеге әбден лайық еді. Қалай болғанда да өнерпаздар "вице-мистер" атағынан бөлек "Кішкентай Мистер модель" мен "Кішкентай мистер Шарм", "Кішкентай мистер Евразия" дәрежесіне қол жеткізді", - деді.
Сағир мен Сұлтантемір әңгіме болып отырған "Таланттар шоуында" ағылшын тілінде Baby girl әнін орындап шықты. Ал "Этнокөрме" бөлімінде қазақтың ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарын ел назарына ұсыныпты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдарынан үлкен дастархан жайып, дәм татқызған екен.
Конкурстың екінші директоры Ирина Жукованың айтуынша, Сағир бір сөзінде қызып кетіп: "Қазақстандықтардың барлығы Геливаген мінеді. Түйе мен жылқылар көлік болудан әлдеқашан қалған", - деген екен
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: littlemissuniverse.com.ge