Еліміздің Тұңғыш Президенті күнінде, 1 желтоқсан күні Алматыда бірінші студенттік Вена балы өтеді.
Алматы жастары мерекені осылайша ерекше жағдайда атап өтпек. "Мерекені түрліше өткізуге болады. Бірақ оның мәнді де сәндi болуы үшін көп күш жұмсауға тура келеді", - деді шара ұйымдастырушылары.
Олардың айтуынша, Вена балы жастарды әлемдік классикалық музыканы түсінуге шақырып, би өнеріне қызығушылықтарын оятады.
Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, түрлі қоғам қайраткерлері, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, президенттік стипендия иегерлері, сонымен қатар, қаланың ең үздік студенттері қатысады.
Мерекелік жиынның ұйымдастырушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар саясаты басқармасы.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: imperia.hiblogger.net