- Негізгі бет
- Музыка
- Алматыда оркестрлер фестивалі...
Алматыда оркестрлер фестивалі өтеді
Қыркүйектің 4-5 күндері Алматы қаласында "Оркестрлер фестивалі-X" өтеді. Бұл туралы қаланың Мәдениет басқармасы хабарлады.
Биыл халық және классикалық музыка мерекесі өзінің алғашқы 10 жылдық мерейтойын атап өтетін болады. Екі күн ішінде халықтық және әлемдік музыканың үздік композиторларының шығармалары орындалады.
"Бірінші күні сахнадан Дәулеткерейдің, Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері және Ұлы дала халқының үздік туындылары орындалады. Екінші күні ерекше көріністер көп болады, А. Зацепиннің оңтүстік астанаға арналған "Гүл Алматым" композициясы, Ақан серінің "Балқадишасы", сонымен қатар Виктор Цой мен "Кино" тобының, Стингтің, Queen тобының, кинолар саундтректері ("8 миль", "Кариб теңізінің қарақшылары", "Титаник", "Кіндік әке" және басқалары) орындалады. Кішкентай тыңдармандар да назардан тыс қалмайды, олар үшін "Король Лев", "Аладдин", "Русалочка", "Мадагаскар" және басқа да мультфильмдерден композициялар ұсынылады", – делінген хабарламада.
Фестивальге Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, дирижер-жетекші Абылай Тілепберген қатысады.
Қала күні аясында жыл сайын өтетін Оркестрлер фестивалі – ерекше әрі есте қаларлық оқиға. Биыл аталған шара 4 және 5 қыркүйекте Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында өтеді.
Massaget