28 қыркүйек күні Глеб Самойлов Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен «Тәңірі шыңында» жобасының алтыншы маусымының шеңберінде Event City Hall клубында өткен концертте ән айтты.
Сондай-ақ бұл шараға әділ қазылар үш апта бойы таңдаған «Тәңірі шыңында» жобасының сайыскерлері қатысты.
Қатысушылар қатарында "IFLY", "Алатау Джем" және "Hadn't tea" топтары болды. Ең алдымен "IFLY" тобы шығып, акустикалық программасымен таныстырды. Содан кейін "Алатау Джем" атты топ көрермендеріне сәлемін жолдап, алғысын білдіріп, әндерін айтты. Сахнаға соңғы қатысушы топ болып "Hadn't tea" шықты. Әр топ өзінің шығармашылығымен таныстырып болған соң, сөз кезегі әділ қазыларына берілді. Үш топтың өкілдері сахнаға шығып, әділ қазылар таңдаған жеңімпаз аты аталды. Желтоқсан айында өтетін соңғы сайысқа "Hadn't tea" тобы жолдама алды!
Бүгінгі шараны тамашалауға көп адам келді. Алматылықтар концерттің бас қонағы Глеб Самойловты көруге ынтасын білдіріп, оның атын атап, шақырумен болды. Глеб Самойловпен бірге Константин Бекрев сахна төріне шықты. Залдағы көрермендер Глеб пен Константинге қоятын сұрақтарын қағазға жазып, сахнаға жіберіп отырды. Константин оларды оқып, екеуі бірігіп жауап беріп тұрды.
Регги жанры мен Глеб Самойловтың әндерін сүйіп тыңдаушылар бүгінгі Tengri FM ұлттық радиостанциясының ұйымдастыруымен өткен бұл концертте бастары бірігіп, жақсы әуен тыңдап, сүйікті әншілерімен сұхбаттасып, көңіл көтеріп қайтты.
Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова
Сурет: Massaget.kz