Жұма, 25 қыркүйекте Алматыдағы "Падишах" мейрамханасында қазақстандық әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай мен Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы өтті. Айта кетейік, Аша Матай 20 қыркүйекте ұзатылған болатын.
Екі жастың шаңырақ көтеру тойына туыстары, достары, сонымен қатар қазақстандық танымал тұлғалар қатысты. Тойға келгендердің арасында Айқын, Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова және All Давай тобының солистері бар. Айта кетейік, тойда екі жасқа арнап рэпер МС Сайлаубек ән айтты.
Instagram әлеуметтік желісіне #Арманашатой хэштегімен жарияланған суреттерді ұсынамыз.
Аша Матай (шын есімі - Ақбота Маратқызы Асқарбекова) - "Шабыт" және "Жаһан дала" жүлделерінің иегері, Республикалық "Империя звезд" телешоуының жеңімпазы. 1988 жылы 2 желтоқсанда Алматы қаласында заңгерлердің отбасында дүниеге келген. Актрисаның анасы - Бәтес - продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның әпкесі.