Әли Оқапов халықтан кешірім сұрады

Әли Оқапов өзінің twitter.com желісіндегі парақшасында халықтан кешірім сұрайтындығын жазған деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

"Ашуымды баса алмадым. Сөзiмдi дұрыс жеткізе алмадым. Халықтың алдында кешiрiм сұраймын",-деген әнші.

@AktauMuslim @namys_kz алдарынызда кешiрiм сураймын.ашуымды баса алмадым.созiмдi дурыс жеткизе алмадым.халыктын алдында кешiрiм сураймын.

— Ali Okapov (@AliOkapov) 16 июля 2014

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желі қолданушылары танымал әнші Әли Оқаповтың Астана телеарнасының «Сырласу» атты бағдарламасында айтқан сөзін сынға алған болатын. Қолданушылар Әлидің «Халық әртісін сынайтындай, олар кімдер? Ешкім. Оны сынайтын адамдар - компьютер алдында отырған мәдениетсіз топастар» деген сөзіне реніш білдірген еді. 



Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: massaget.kz