Сіз әлемдегі ең кішкентай және ең үлкен аспаптардың арасында пианиноның да бар екенін білесіз бе?
Түрлі ойыншықтарды дүниеге әкелуші жапон өнертанушысы толық функциялы әлемдегі ең кішкентай пианиноны ойлап тапты. Таңқаларлығы – пианино 88 клавиштен тұрады және басқа да аспаптардан кем түгі де жоқ. Sega жапондық ойыншықтар корпорациясы аспаптың толық моделін 17 сантиметрлік ұзыныдықта жасап шығарды. Ал ені 25 сантиметрді құрайды.
Бірақ бір әттеген-айы – бұл аспапты ойнау қиынға соғатыны. Өйткені әр клавиш 5 миллиметр ғана. Сонымен қатар онда музыкалық бастама ретінде Чайковский мен Джоэлдің шығармалары электронды түрде ойнап тұрады. Оның үстіне құлақтарыңызға алтыннан сырға таққым келеді: бұл аспап жақында сатылымға шығады. Қанша теңге тұратынын білесіз бе? Әлемдегі ең кішкентай пианиноны сатып алу үшін қалтаңыздан 500$ көлеміндегі қаражатты шығаруыңыз керек.
Ал әлемдегі ең үлкен пианино ше?
Оны жаңазеландық Эдриан Манн ойлап тапқан. Ол 16 жасында әлемдегі ең үлкен пианиноны жасап шығару жөнінде ойланады. Басқа аспаптардан ерекше болғанын қалап, ең үлкенін және ең ұзынын жасауға бел байлайды. Ең қызығы, Эдриан жасап жатқан аспабын өлшеместен, ауыр құралдарды пайдалана отырып іске кірісе береді. Осы қарқынды жұмысы 4 жылға созылып, әлемдегі ең үлкен пианиноны дүниеге әкелді.
Айтпақшы, оны ойнау қиындыққа апармайды. Басқа аспаптар секілді оны да қиындықсыз ойнауға болады. Тек оның ұзындығы мен салмағы басқалардан артық екендігі айтпаса да түсінікті.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: nenudi.net, vk.com