Кез келген туған күн кеші атақты “Happy Birthday” мерекелік әнісіз өтпейді. “Happy Birthday to You” әні 1998 жылы әлемнің ең танымал әні ретінде атақты Гиннес рекордтар кітабына енген.
Дәстүрлі мерекелік ән әлемнің 18 тіліне аударылған. Ал музыкасы “Good Morning to All” әнінен алынған. “Good Morning to All” әнін 1893 жылы Кентукки, Луисвилль (АҚШ) балабақша тәрбиешілері, апалы-сіңлілі Милдред пен Петти Хилл шығарған.
Ән кішкентай бүлдіршіндерге арналған. Сөздері жеңіл әрі балаларға түсінікті. Бұл әнді тыңдаған сәтте-ақ, балақайлар жаттап алады. Жеңіл ән барлық мерекелік іс-шараларда, туған күн кештерінде, думан-тойларда айтыла бастады. Танымал әннің алдыңғы төрт шумағы «Туған күніңмен!» болып өзгертіліп, кеңінен танылды.
"Happy Birthday to You" әнінің мәтіні алғаш рет 1912 жылы газет бетінде басылды. Кейін 1924 жылы мерекелік ән «Туған күнге арнау» атты өлеңдер жинағына кірді. 1935 жылы Summy Company қызметкері Престон Орем "Happy Birthday to You" әнінің авторлық құқығын иеленді. Ал 1998 жылы авторлық құқық Corporation The Time-Warner мекемесіне сатылды. Кейін әннің авторлық құқығын өзінің инвесторлық тобына Эдгар Кіші Бронфман сатып алады. Алайда, "Happy Birthday to You" әні еш жарнамасыз-ақ көптеген жиындарда, думан-тойларда айтылып жүр.
2008 жылы Warner компаниясы "Happy Birthday to You" әніне авторлық құқыққа иелік еткенде, күніне әннің орындалғаны үшін 5 000 АҚШ доллар табыс табатын. Бір жылда олардың табысы екі миллион долларға жететін. Думан, мерекелік іс-шаралардан тыс бұл әнді телевизиялық жобалар мен бағдарламаларда, телехикаялар мен фильмдерде, радио бағдарламаларда қолданғаны үшін арнайы қаражат төленеді.
"Good Morning to All" және "Happy Birthday to You" әндерінің авторлық құқығы сақталған. Еуропа жерінде екі әннің авторлық құқықтары 2016 жылға дейін жарамды. Ал Америка Құрама Штаттарында авторлық құқықтардың мерзімі 2030 жылы аяқталады. Сол кезде бұл әндер фольклорлы әндердің қатарына енетін болады.
Суреттер: orum.xcitefun.net, samogo.net