- Негізгі бет
- Музыка
- "Әкем ит құсатып...
"Әкем ит құсатып сүйреп шықты". Танымал әнші балалық шағындағы оқиғасын айтты
2rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс TALK LIKE бағдарламасында бала кезіндегі оқиғаларын бөлісті. Ол 5-сыныпта оқып жүргенде асылып өлгісі келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әкем қатты тәрбиеледі. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өзінің ұратын кезінде ұрды. Бір сәт болды. Менің өміріме қатты сабақ болды. Ауылда өстім, таза ауылдың баласымын. Ауылда қоға шегетін едік. Ауылда өсетін әшейін шөптер ғой, түтін шыққанына мәз болатын едік.
5-сыныпты бітіріп жатырмын, 25 мамыр. Балалармен кетіп қалып, суға түстік. Қасымда қаладан келген інім бар, келе жатқан кезде "кет, үйге бар" деп қуып жібердім. Ол әкеме жылап келіп, "анау ана жақта есірткі шегіп жүр" деген. Балалармен өзімше риза болып келе жатырмын. (...) Ұрып тастады. Үйдегілер шай ішіп отырды. Шығып, қораға қарай бардым. "Асылып өлемін" дедім. Қораға келіп, жіпті ілдім. Қайдан көріп алғанымды білмеймін. "Әкем көрсін" деген ой болды. "Ойбай, балам" деп айта ма деп тұрмын. Әкем кірді де, жіпті шешіп, мойныма байлап, қорадан ит құсатып сүйреп шықты. Содан кейін ешқашан ондай нәрсе айтпадым", - деді әнші.
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram