- Негізгі бет
- Музыка
- "Ақ келін" -...
"Ақ келін" - қыз ұзату тойының бойтұмары
Жаңа өмірдің шымылдығын ашып, ақ босағаны аттағалы отырған қалыңдыққа айтар ғибрат-өсиет, нақыл-өнеге үлгісіндегі әнді естіген кез келген тыңдарман тебіреніп, әсер алатыны сөзсіз. Соның бірі белгілі әнші-сазгер Гауһар Әлімбекованың орындауындағы «Ақ келін» әні. Қазіргі таңда бұл әнсіз бірде-бір қыз ұзату тойы өтпейді.
Ә.Оспановтың «Келінге өсиет» әнін гитараға салып, орындап жүрген Гауһар Әлімбековаға ақ дастархан басында өз елінен ақ бата алып, жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз балаға арнап ән жазу туралы ой келеді. Бұл 2000-2001 жылдар болатын. Ойға алған дүниесін жүзеге асыру мақсатымен сазгер ерекше әуен жаза бастайды.
Бір күні сол уақытта жарыққа шығып жүрген қыз-келіншектерге арналған «Бикеш» газетінен Гауһар Әлімбековаға сұхбат алу мақсатымен Нәзира Бердалы хабарласады. Ақын мен сазгер осы сұхбат арқасында танысып, жақсы араласып кетеді. Кейін Нәзира Бердалы сазгердің бір әніне сөз жазғысы келетіндігін айтады. «Іздегенге сұраған» дегендей, Гауһар Әлімбекова көптен бері көкейінде жүрген қыз ұзатуға арналған әніне мәтін жазып беруін өтінеді. Көп ұзамай ақын ән мәтінін жазып береді. Дайын мәтін әу бастан жазылып қойылған әуенмен бір үйлесім тапқандай болады. Осылай 2003 жылдың көктем мезгілінде «Ақ келін» әні дүниеге келеді.
Ақын да, сазгер де әуелгі бастан әннің тыңдарман қауымның көңілінен шығуын көздеді. Әр сөзінің астарында терең ой жатқан әсем ән игі пейілмен жазылған. Гауһар Әлімбекова бір сөзінде: «Ән кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие болатынын күтпеген едім. Тыңдарман ықыласы күткен деңгейден де асып түсті»- деп айтқан еді.
«Ақ келін» әні әдеттегі той әндері сияқты емес. Ол - өмірлік серігін тауып, отау құрғалы жатқан кешегі наз қылықты қызға айтатын бар өнегені жырлайтын ән. Қазақ халқының әдемі салттарының бірі қыз ұзату дәстүріне лайықты бірегей ән.
Ақ келін
Сөзін жазған: Нәзира Бердалы
Әнін жазған : Гауһар Әлімбекова
Бір-ақ күнде қуантып қос ананы, Қайырмасы: Аппақ гүлдей ағашқа жаңа біткен, Сәлем салып, басыңды ие бердің, Шауып кетіп барады құлын-күнің, Сен бойжеттің – осыны ұғын, гүлім Ақ дастархан үстінде ақ бата алып, Жаңа өмірдің ашасың шымылдығын. Қайырмасы: Ата-енеңді құрметте, отағасын, |
Суреттер: oscarvideo.kz, mail.ru
Ғ. Ұзақ