- Негізгі бет
- Музыка
- Әділхан Макин "Ресей...
Әділхан Макин "Ресей дауысы" шоуындағы өнерін аяқтады
Қазақстандық әнші Әділхан Макин "Ресей дауысы" шоуындағы өнерін аяқтады.
Жұма, 19 қарашада қазақстандық өнерпаз Мирослава Кочева және Марина Моисеевамен бірге "Ты на свете есть" әнін шырқап, жекпе-жекке қатысты.Қойылымнан кейін қазақстандықтың тәлімгері Александр Градский Мирославаны әрі қарай жұмыс істеу үшін таңдады. Әділхан мен Марина шоуды осылай тәрк етті.
"Баршаңызға көп рахмет. Александр Борисович сізге басымды иемін. Барлығына және қатысушыларға сәттілік", - деді қазақстандық әнші.
Айта кетейік, көрмей тыңдау кезінде Әділхан Макин Алла Пугачеваның "Не отрекаются любя" әнін орындаған болатын. Оның әні екі тәлімгерді – Дима Билан мен Александр Градскийді тәнті етті. Қазақстандық тәлімгер ретінде Градскийді таңдады.
27 жастағы Әділхан Макин Петропавл қаласынан. 2011 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің "Актер шеберлігі" мамандығына оқуға түсті. 2012 жылы Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған "Alliance Francaise" байқауының лауреаты және «Жас қанат» ұлттық жас орындаушылар байқауының финалисті атанды.
2016 жылы Макин Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына "эстрадалық вокалист" мамандығы бойынша оқуға түсті. 2019 жылы Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық фестивалінде Гран-при жеңіп алды. Ол Белоруссияда өткен байқаудың Димаш Құдайбергеннен кейінгі екінші жеңімпазы атанды.
Т. Раушанұлы