Британдық әнші Адельдің "21" атты альбомы осымен екінші рет "Жыл жинағы" атанып отыр.
Халықарылық музыка өндіруші федерациясының ақпараты бойынша, "21" альбомы әлемдік сатылымға шыққалы бері 2 жыл бойы топ бастап келе жатыр. Айта кетелік, альбом 2011 жылы жарық көрді. Бірінші жылы жинақ 17 миллион тиражбен тез таралып кетті. Екінші жылы 8 миллион экземпляр сатылып үлгерді.
Бұл тізімнің екінші орнында Тейлор Свиифттің "Red" пластинкасы тұр. Үшінші орын One Direction-ның "Up All Night" жинағына бұйырыпты.
IFPI-дің ақпараты бойынша, музыка индустриясында алдыңғы жылмен салыстырғанда түскен пайданың өсімі жөнінен рекорд орнатылды. Бұл өсім 0,3 пайызды құрады. Ал 2012 жылы түскен пайда 16,5 миллиард доллар болды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: wowstars.ru