Әдебиет саласы бойынша Нобель иегері, музыкант Боб Дилан соңғы сегіз жылда алғаш рет авторлық ән ұсынды.
Жаңа композиция Murder Most Foul деп аталады және АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне арналған. 17 минуттық шығармада 1963 жылы Даллас қаласында орын алған қастандық оқиғасы баяндалады.
Тректе мәдениет өкілдері мен 1960-70-ші жылдардағы елеулі оқиғалар аталады. Нақтырақ айтсақ, "Битлз" пен оның I Want To Hold Your Hand әні, Билли Джоэлдің Only the Good Die Young әні аталады.
Естеріңізге сала кетейік, Боб Диланның соңғы Tempest аталатын альбомы 2012 жылы жарық көрді.