YouTube желісі өткен жылдың қорытындысымен бөлісіп, ең көп лүпіл жинаған әлемнің музыкалық бейнебаяндарын атады. Топтамада әртүрлі тілдегі әндер жиналған. Биылғы жыл YouTube желісі үшін "К-pop жылы" болған секілді. Өйткені, тізімге іліккен он бейнебаянның үшеуі Оңтүстік Корея әртістеріне тиесілі.
1. Shawn Mendes және Camila Cabello — Señorita (13,3 миллион лүпіл)
Ән 2019 жылдың 21 маусымында жарыққа шықты. Әннің авторлары на лейбле Мендес, Кабельо, Charli XCX, Эли Тампоузи, Clean Bandit тобының мүшесі Джек Паттерсон. Бұл Мендес пен Кабельоның 2015 жылы хит болған "I Know What You Did Last Summer" әнінен кейін қайта дуэт құруы. Ән Аустралия, Канада, Чехия, Финляндия, Греция, Германия, Ұлыбритания, Венгрия, Дания, Ирландия, Малайзия, Нидерландтар, Жаңа Зеландия, Норвегия, Словакия, Швеция, Швейцария секілді елдердің чарттарында бірінші орынға іліксе, Бельгия, Мексика мен Эстонияда екінші орынға тұрақтаған. "Señorita" АҚШ-та екінші орынға іліккен ән кейін Billboard Hot 100 чартында көш бастады.
2. BTS — Boy With Luv (12,7 миллион лүпіл)
2019 жылы 12 сәуірде жарыққа шыққан Оңтүстік Кореяның BTS тобы мен америкалық әнші Холзидің орындауындағы ән Billboard Hot 100 чартында сегізінші орынға тұрақтаған. Бейнебаян 24 сағат ішінде 74 миллион көрілім жинап YouTube рекордын жаңартты.
3. BLACKPINK — Kill This Love (10,7 миллион лүпіл)
Тедди Рак пен Ребекка Джонсон жазған әнді орындаған Blackpink тобының еңбегі жоғары бағаланды. Бұл топ АҚШ-та жетістікке жеткен алғашқы Оңтүстік Кореялық қыздар тобы атанды. Billboard Hot 100 чартында 41-орынға ілікті. Алғашқы аптада 7000 тираж альбом сатылды.
4. Billie Eilish — bad guy (10,1 миллион лүпіл)
2019 жылдың 29 наурызында жарыққа шыққан ән Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия мен Ресейдегі чарттардар көш бастады. Billboard Hot 100 чартында бірнеше апта бойынша екінші орынды сақтап қалды.
5. Lil Nas X — Old Town Road (feat. Billy Ray Cyrus) (9,5 миллион лүпіл)
Алғаш рет 2018 жылы 3 желтоқсанда жарыққа шыққанымен, тек биыл ғана хитке айналды. Оған себеп болған ТикТок әлеуметтік желісі еді. Туында АҚШ тарихында чарт ең аз уақыт тұрған (2 минутқа жетпеді) ән атанды.
6. Ariana Grande — 7 rings (8,9 миллион лүпіл)
Бұл Ариана Гранденің "Thank U, Next" атты альбомындағы екінші синглі. Ән 2019 жылдың 18 қаңтарында жарыққа шықты. Әнді жазуға Victoria McCants, Tayla Parx, Njomza Vitia, Kimberly Krysiuk, Michael Foster, Томми Браун мен Чарльз Браун есімді адамдар атсалысқан.
7. Lil Dicky — Earth (8,2 миллион лүпіл)
"Earth" — америкалық Lil Dicky (David Andrew Burd) атты рэпердің туындысы. Ән "Жер күнінің" қарсаңында жарыққа шықты. Барлық табыс атақты актер Леорнардо Ди Каприоның Leonardo DiCaprio Foundation қорына аударған. Жазба жұмысына Джастин Бибер, Ариана Гранде, Холзи, Кэти Перри, Эд Ширан, Майли Сайрус секілді жұлдыздар қатысқан.
8. Daddy Yankee & Snow — Con Calma (7,5 миллион лүпіл)
Пуэрториколық рэпер Дэдди Янкидің әні – Сноаудың 1992 жылы жарыққа шыққан "Informer" әнінен қайтадан өңделген нұсқасы. Он бес елдің музыкалық чартында көш бастады. Америка Құрама Штаттарында Billboard Hot 100 чартында 48 орынға ілікті, Hot Latin Songs рейтингінде 2-орынға жайғасты.
9. J-hope — Chicken Noodle Soup (feat. Becky G) (5,7 миллион лүпіл)
Атақты Оңтүстік Кореялық рэпер, BTS тобының мүшесі J-Hope (Чон Хо Сок) жариялаған бейнебаян жарты күннің ішінде 20 миллион көрілім жинап үлгерген. Онымен бірге Becky G ән шырқайды. Ән үш тілде испан, кәріс, ағылшын тілінде жазылған.
10. T-Series — Vaaste (5,5 миллион лүпіл)
Үнді әртісі Dhvani Bhanushali мен Nikhil D’Souza орындауындағы әнінің бейнебаяны 635 миллионнан артық көрілім жинап үлгерген. T-Series – бүгінде үнді музыкасын танытып жүрген арналардың бірі. Үндістанның әншілері өз бейнебаяндарын тұсаукесерін осы арна арқылы ашады.