"Urker" тобы шақырады

"Urker" тобы шақырады
Фото: URKER

Биыл еліміздегі атақты поп-тобы Urker өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді.  

Топ 1991 жылы әндер авторы Айдос Сағаттың басқаруымен өз жұмысын бастаған болатын. Одан бері, топтың мүшелері, солистер ауысты. Кейде тоқырау болып, кейде бірлесе сахнада ән салған топты еске алсақ, бірден ойымызға "Наурыз" әні оралады. Одан бөлек, лирикаға толы "Жаным", "Махаббат әнi", "Саулем-ай", "Я буду рядом" атты әндер мен патриоттық бағыттағы "Туған Елiм" және "Мой Казахстан" әндері құлаққа келеді.

Уақыт жылжыса да, өзгеріссіз қалған кәсібилік, тірі дауыс пен тыңдарманға сыйлайтын қуат кеміген емес. Мерейтойлық концерт тек 90-жылдарға апарып қана қоймай, 2000 жылдарда жеткен жетістіктері мен жаңа әндерін де халыққа ұсынады. Концертте мерейтой жұлдыздарымен бірге, Парвиз Назаров, Жамиля Серкебаева және Нұрлан Албан сынды жұлдыздар өнер көрсетіп, этно-фольк Тұран тобы да өз әріптестерін қолдайды.

Концерт Республика сарайында, сағат 19:00-де қараша айының 1-жұлдызында өтеді. Бар қызықты жіберіп алмаңыз!

Т. Есқали