Атақты поп-орындаушы Джастин Бибердің Twitter-дегі парақшасын 33 миллион 322 мың адам «оқиды» екен. Ол бұл көрсеткіші арқылы 33 миллион 320 мың адамы бар Леди Гаганы басып озды.
The Hollywood Reporter басылымының жазуынша, жергілікті уақыт бойынша, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жасалған санақта жеңімпаз атанып отыр. Twittercounter сервисінің ақпаратына сенсек, үздік үштікті британдық әнші Кэти Перри қорытындылады. Оның парақшасын оқитын 31,5 миллион оқырманы бар екен. Кэти Twitter-ге 2008 жылы тіркелген.
Өз кезегінде 2010 жылы Леди Гага Twitter әлеуметтік желісіндегі ең танымал жұлдыз атанып, фолловерлер саны бойынша Бритни Спирсті артта қалдырған еді. Бұдан кейін ол өзін Twitter «королевасы» деп жариялаған болатын.
Ал Джастин Бибер твиттердегі аккаунтын 2009 жылы шілде айында ашқан екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: examiner.com