The Spirit of Tengri музыкалық этно-фестивалінің екінші күні басталды

6 маусым күні Алматы қаласында басталған The Spirit of Tengri музыкалық этно-фестивалінің екінші күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласында орналасқан Республика сарайында екі күн қатарынан The Spirit of Tengri музыкалық этно-фестивалі өтуде.

Екі күн бойы, яғни 6-7 маусым күндері көрермендер алдында 11 елдің өнерпаздары өнер көрсетеді: Венгрия, Түркия, Грузия, Қытай (Ішкі Моңғолия), Эстония, Таулы Шория, Тыва, Башқұртстан, Бурятия, Норвегия және Қазақстан. Елімізден "Алдаспан" және "Шарапат" топтары қатысады. Сонымен қатар, "Арқайым" мен "Тиграхауд" ұжымдары да өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, фестивальге танымал этномузыкант Еділ Құсайынов та қатысады. Ол сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады. Концерт алаңында фестивальдің былтырғы қонақтары: әнші, композитор, көмеймен айту өнерінің өкілі Радик Тюлюш, Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы, туркиялық BabaZula ұжымы, грузиялық The-Shin және Чылтыс Таннагашева өнер көрсетеді.

Қазақстанда алғаш рет эстониялық TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық Hanggai және венгриялық әнші Тилла Торок HoldViola тобының құрамында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахнаға әлемге белгілі Мари Бойне Персен норвегиялық Nordiс тобының құрамында шығады. Олар Namgar ұжымымен бірге өнер көрсетеді.

The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл - Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жобаның бас серіктесі - Kaspi Bank. Концертке жарық пен дыбыс құрылғыларын танымал KZ Sound компаниясы қояды.