The Spirit оf Tengri фестивалінде қолөнершілердің жәрмеңкесі өтеді

The Spirit оf Tengri фестивалінде қолөнершілердің жәрмеңкесі өтеді
Фото: tengrinews.kz

Алматыда 4-5 маусымда өтетін Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этникалық-музыкалық фестивалінде қолөнершілердің жәрмеңкесі қайта өтеді. Онда қолдан жасалған дизайнерлық туындылар көрсетіледі. Бұл туралы ғылыми-реставрациялық зертхананың дизайнері Элина Алтынбева айтып берді.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтетін open-air үлгісіндегі фестивальде тек жанды дауыспен орындалған әуендерді емес, сонымен қатар hand-madе туындыларын ұсынатын әр ұлттың мәдениетімен танысуға болады.

Сонымен қатар, The Spirit оf Tengri фестивалінде жаңа символдар пайда болды - қасқыр, самұрық, барыс және Тұлпар пырақ. "Бұл көне символдар, олар сонау қола дәуірінен бері танымал. Қасқырдың символы күш пен даналықты білдіріп, күш-жігер, алға деген ұмтылысты көрсетеді. Бұл символ фестивальге сәйкес келеді, себебі Spirit of Tengri - Тенгри рухы, табиғаттың рухын білдіреді. Самұрық - құс, ол өмірдің қайта жандануын білдіреді. Қанатты барыс та күш-жігерді білдіреді. Ал Тұлпар болса, өзіне бірнеше жануардың қасиетін біріктірген символ. Жылқы сияқты шыдамды, ал қанаттарымен құстың мүмкіндіктеріне ие. Мүйізі - арқардың символы, ол кез келген қиындықтардан өте алады", - деді ол.

Айта кетейік, екікүндік халықаралық заманауи этникалық-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Дайындық қызу өтіп жатыр. Алаңда аппаратура орнатылып қойған.

"Біз қонақтар мен фестиваль көрермендерін құшақ жая қарсы аламыз. Сонымен қатар, барлығына музыкалық сыйлық беруді жоспарлап отырмыз. Бұл жобаны мультимедиялық жоба етіп ұсынбақшымыз. Музыкалық бөлімінен басқа, фестивальдің басқа да маңызды жақтарын мұқият дайындап жатырмыз. Осы шараның мазмұнын аша алатын видео да дайындап қойдық. Біз жыл сайын этникалық музыка немесе тарихқа байланысты тақырыпты таңдаймыз. Биыл Алматы қаласының 1000 жылдығына қызық фильм дайындадық", - деді Tengri FM радиостанциясының директоры Мадина Уморбекова.

Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Екі күндік фестивальді Tengri FM радиостанциясы мен бас серіктесі Kaspi bank ұйымдастырып отыр.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысады. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

С. Ерсін