Астанада Nomad Way көшпелі халқының музыкалық фестивалі өтеді.
"Алматыда мерейтойлық фестиваль өтті. The Spirit of Tengri - мықты командалар, шоу, жарық және дыбыс. Ал ең бастысы осындай көңіл-күйге себеп болған адамдар, солардың арқасында концерт осындай қызықты болып өтті. Бірақ біз бұл жерден тоқтап қалмаймыз - Астана, бізді күтіңдер! "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің аумағында бес күндік іс-шара өткіземіз. Іс-шарамыз Nomad Way деп аталады. Бұл The Spirit of Tengri фестивалінің бір бөлігі.
Бірақ шоуға көшпелі елдердің өкілдері қатысады. Түрлі өңірлерден, аймақтардан Алтайдан бастап Балқан түбегіне дейінгі аумақтардан шамамен 20 команда қатысады", - деді. The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM" радиостанциясының бас продюсері Жан Қастеев.
Жалпы Nomad Way шоуына түрлі елден 22 топ қатысады: DJ Нариман Исенов (Қазақстан); "Тиграхауд" тобы (Қазақстан); "Алдаспан" тобы (Қазақстан); Violons Barbares тобы (Болгария/Моңғолия/Австрия); "Aббос" тобы (Өзбекстан); "Арғымақ" (Башқұрстан); Tilla Torok’s Band тобы (Венгрия); Талғат Хасенов (Татарстан); Namgar тобы (Бурятия); Magic of Nomads тобы (Қазақстан); Shono тобы (Бурятия); Zaman тобы (Башқұрстан); Nordic Namgar тобы (Норвегия/Бурятия); Gulzada (Қырғызстан); Avesto тобы (тәжікстан); Чылтыс Таннагашева ( Шория); Б. Байрышев пен А.Чичаков (Алтай); Еділ Хұсаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Айархаан" тобы (Якутия); Радик Тюлюш пен "Чалама" тобы (Тыва); Baba Zula тобы (Түркия). "Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымн өтеді. Концерттер күнделікті 11-15 маусым аралығында сағат 17.00-де басталады. Бұл Астанадағы соңғы іс-шарамыз емес. Алда жаздың үш айы бар, қала тұрғындарын мен қонақтарын түрлі музыкалық тосынсыйлар күтеді", - деді Жан Қастеев.