Жылдың ең елеулі музыкалық шарасы VI The Spirit of Tengri халықаралық заманауи және этникалық музыкафестивалі. Аталған шарада израильдік Q2A тобы биыл алғаш рет өнер көрсетеді. Сондай-ақ, алдыңғы фестивальде көрермен көзайымына айналып үлгерген Shono аталатын бурят бөрілері Алматыға қайта келіп, тағы да тыңдарманды қуантпақ. Ұлттық бренд деңгейіндегі фестиваль 2-3 маусым күндері оңтүстік астанадаөтеді. Q2A изральдік тобының толық атауы Quarter To Africa. Ол өнер шыңына деген талпынысын 2014 жылы дуэт ретінде бастаған. Уақыт өте келе нағыз универсалды ансамбльге айналды. Құрамында үд, саксофон, труба, электрогитара, бас, ұрмалы аспап, синтезатор және вокал (жалпы саны жеті адам, олар өздерін үлкен отбасы деп атайды) бар. Олардың шығармашылығы африкалық ритммен үйлескен джаз және фанк стиліндегі дәстүрлі араб сарыны. Топ туындыларының пәлсапасы махаббат, бірлік һәм достық сынды ұлы құндылықтарға негізделген. Олар әбден қалыптасқан шығарма мен импровизацияны шебер үйлестіре біледі, сондай-ақ, нағыз оптимистік, жеңіл әрі қарапайым туындыларымен ерекшеленеді. Соңғы екі жылда топ Израиль мемлекеті бойынша гастрольдік сапарларға шығып жүр. RedSea джаз фестивалі, Израиль кинофестивалі, Халықаралық джаз фестивалі, Иерусалим фестивалі секілді шараларда хедлайнер болып үлгерген. Q2A (Quarter To Africa) атауы жайлы топтың негізін қалаушы Сасон Якир мен Бишари Элисаф былай дейді: Қазір әлем пайдаланатын барлық әуендердің бастапқы ритмі мен мелодиялары алғаш рет Африка құрлығында пайда болған. Ал, Quarter (төрттен бірі)сөзіне келетін болсақ, біз сол африкалық ритмді арабтардың мақамымен (мақам араб, иран және түрік музыкасындағы сарынның аталымы) ұштастырдық. Осылайша, Quarter To Africa атауы шыға келді. Біздің музыка жалпы адамзатпен бірдей, біз оны өзіміз тұрған және саяхаттаған жерлердегі адамдар мен құбылыстардан аламыз. Біз олардың менталитеті, болмысы мен мәдениетіне жіті мән береміз. Біз музыка арнайы жазбаймыз. Ол өзі осы әсерлер негізінде туылады. Қиялдан шыққан дыбыстар ғана. Музыканттар түрік халқының мәдениетімен жақын байланыста болғандарын айтады: Бұрын Парсы жерінде үлкен империя орнағаны анық. Барша музыка атаулы сол жақтан тарады. Біз зерттеп жүрген де, сіздің мекендегі де. Сондықтан, бір құдықтан су ішеміз десек те болады, бізді жақындататын да осы құдірет. Музыка ем, шипа, дауа. Қазақстанға біз үлкен ниетпен жолға шыққалы отырмыз. Біз ол жақтың керемет адамдарымен танысып, өзгеше біз музыкаға куә болғымыз келеді. Өзіміз де оларға шабыт беріп, әдемі алмасу болғанын қалаймыз. Әрине, ең алдымен біз махаббат сезіммімен бөліскіміз келеді. Біздің музыканы естігенде сізге қанат бітіп, аспанда қалықтайсыздар деп сенеміз. Сондай-ақ, біз қазақтың құртынан дәм татуды армандаймыз. Жалпы, мақсатымыз жергілікті халықтың ұлттық тағамдары, музыкасы мен мәдениетін жақын тану. Q2A тобы The Spirit of Tengri фестиваліне Қазақстандағы Израиль елшілігінің тікелей қолдауымен келеді. Израильдің Қазақ жеріндегі елшісі Михаэль Бродский: Бұл жобаның сахнада өнер көрсетуі Израиль үшін өз мәдениетін өзгелерге таныстыруға деген үлкен мүмкіндік екені сөзсіз. Сондай-ақ, екі ел арасындағы байланысты да нығайтатын ең әдемі жол. The Spirit of Tengri фестиваліне былтыр біздің жерден алғаш рет Dudu Tassa The Kuwaitis тобы қатысты. Олар өздерін өте жоғары деңгейдегі сапалы музыкалық жоба ретінде таныта білді. Бұл шараның ең басты ерекшелігі оның айрықша атмосферасында. Биыл біз Израильде қошеметке бөленіп жүрген Quarter to Africa тобын алып келеміз, - деді. Бурятиялық Shono тобы The Spirit of Tengri фестиваліне 2017 жылдың мамыр айында келіп, тыңдарманды бірден жаулап алды. Топ атауы бурят тілінен аударған кезде бөрі (бурят халқының тотемі) деген мағына береді. Оның да негізі 2014 жылы қаланған екен. Топ репетураның негізін ауыз әдебиетінің эпос, дастандары құрайды. Оларды Shono тобының негізін қалаған мультиинструменталист Александр Архинчев орындайды. Музыкант көмеймен ән айту өнерін игерген, морин-хууре, сух-хууре, лимбе, хомусе-гембарде сынды бурят және моңғол ұлттық аспаптарында ойнайды. Осы қабілеті үшін оны оркестр адам деп атайды. Shono тобының композицияларында көне көшпелі халықтар рухы мен ауыр рок музыка ұштасып жатыр. Аталған топ Сібір мен Моңғолияның үздік этно-рок топтарының деңгейінде өнер көрсетеді. Олардың шығармашылығын Hunters (Аңшылар, 2016 жыл) альбомын тыңдай отырып, бағалай аласыздар. Биыл біз сіздерді халықаралық француз-сібір үйлесімді бірлестігімен қуантамыз. Былтыр The Spirit of Tengri фестивалінде біз Marga Muzika аталатын литвалық топпен танысқан болатынбыз. Қазір сол ұжымның солисті Лаурита Пеленютемен бірге әдемі әндер дайындап жатырмыз. Сондай-ақ, релизі 2019 жылға жоспарланып отырған альбом жұмысымен де қатар айналысып келеміз. The Spirit of Tengri фестивалін біз қазақстандық тыңдарманмен қауышу, шаттық бөлену және жаңа адамдармен танысу үшін күтеміз , - деді Александр Архинчев. Ашық аспан астында өтетін концерт жаздың бірінші демалыс күндері, яғни2-3 маусымдаАлматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. Фестиваль Алматықаласы әкімдігі қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі Magnum Cash Carry компаниясы. ФестивальTez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды Қазақстан(Hotel Kazakhstan) қонақүйі күтеді.KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдаукөрсетеді. Әр жаз сайын Алматы қаласы Республика сарайының алдында өтетін музыка мерекесін жыл бойы күтетін көпшілік бірнеше күн бойы жан тебірентер сазды әуенге еліте, құмары қанғанша билейді. Әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрін Қазақстан жерінде таныстыратын мәдени жобаға аса контрастты қонақтардың жиылуы әдетке айналған. Олардың қатарында кәрі де, жас та, түрлі ұлт, ұлыс, діни сенім, нәсіл өкілдері де болады. Қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен еді. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында Алдаспан, Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері Роксонаки тобы ашқан еді. Алдыңғы жылы фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан. Олардың ішінде Baba Zula (Түркия), Айирхаан (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), Арғымақ (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Trk's Band Holdviola (Венгрия), Алдаспан (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), Тиграхауд (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), Барабаны Алматы жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары бар. Былтыр Қазақстан атынан Тиграхауд және Алдаспан этникалық рок-тобы, Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, Барабаны Алматы жобасы фестивальдің алғашқы күні өнер көрсеткен болатын. Өз еліміз атынан жастарға қоса, фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов биыл да өнер көрсетеді. Сонымен қатар іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен де танысу мүмкіндігі туды. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шықса, орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген Катя Ямщикова атты фолк-жобаның қатысушылары таныстырды. Еске сала кетейік, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесіKaspi.kz болды.