Заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалі осы демалыс күндері өтеді.
Salem Social Media компаниясының бас директоры әрі фестивальдің бас серіктесі Александр Аксютиц заманауи әлемде жастардың этникалық музыкалық мәдениетті дамытудағы рөлі мен The Spirit of Tengri фестивалінің болашағы жайлы әңгімеледі.
Әлемнің 16 елінен 70-тен аса музыкант Алматыда өтетін The Spirit of Tengri 2019 заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Фестиваль 25-26 мамырда Республика сарайының (Абай - Достық) алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт 17:00-де басталады, кіру - тегін.
Музыкалық шоу Жастар жылын атап өту аясында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен өтеді. Александр Аксютиц мен Salem Social Media жобасының командасы "Salem Social Media - ол бизнес-стартап, Қазақстанда өзекті әрі танымал әлеуметтік желілерге контент ойлап табатын стартап. Алғашқы видеоны Желіге 2018 жылдың 2 шілдесінде жүктеген болатынбыз, ал бүгінде біздің миллиондаған жазылушымыз бар. Олардың басым бөлігі - жастар.
Жастар - сын тұрғысынан қарайтын көрермендеріміз. Жастардың өзі-ақ бір дүниені дамытып, жасап шығаруға бет алған. Алайда оларға өз-өздерін көрсете алуына көмектесу керек", - дейді Salem Social Media компаниясының бас директоры Александр Аксютиц.
"Қызметкерлеріміздің орташа жасы - 23-те, қағидамыз - жастар жастарға арналған контент өндіреді. Желіде өзекті әрі қажетті болу үшін креаторларымыз контенттің басты тұтынушыларына не қызық екенін түсінуі тиіс. Нарықта жылдам табысты болуымызға осы тәсіл әсер етті деп ойлаймын. Менің жасымдағы адам Желіде не қажет екенін білмейді. Мен өз пікірімді ғана айта аламын, ал шешімді мен емес, менің креаторларым қабылдайды", - деп түсіндірді ол.
"The Spirit of Tengri - бұл Қазақстанның үздік фестивалі. Ол этникалық тақырып жастар арасында өзекті екенін көрсетті. Мені көптеген жастың осы фестивальға келіп, олардың этно-фольклор тыңдағаны таңғалдырды. Жобаның өсу қарқынын көптеген жыл бойы бақылап келемін. Фестивальдің болашағы зор. Біздің серіктестігіміздің мақсаты - фестиваль аудиториясын өсіріп, болашақта ол Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл Қазақстанда өтуіне жол ашу. Серіктестігіміз тұрақты болып, The Spirit of Tengri мен Salem Social Media бүкіл Қазақстанды қамтитын жаңа толқынға айналуы үшін бар күшімізді саламыз", - дейді Аксютиц.
"Фестивальға барша алматылықтар мен қазақстандықтарды шақырамын. The Spirit of Tengri қуатты мәдени код, позитив энергия сыйлап, ешкімді ықылассыз қалдырмайды. Оны қазақстандықтар ғана емес, шетелдік орындаушылар да қолдайды. Оны өз көзіңізбен көруіңіз керек", - деп қорытындылады Александр Аксютиц.
Мұның алдында фестивальға Ethno5 және Ashina тобы, әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған еді. Кейінірек Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев 2029 жылы бұл жобаның қалай өтетінін айтып берген болатын. Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal. Қонақтарды Salben Club кешені күтіп алады.
The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие.
Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән. Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады.
Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады. Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған болатын.