Бүгін Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған The Spirit of Astana 2018заманауи этникалық музыка фестивалінің үшінші күні. Жаздың ең басты музыка мерекесі Бәйтерек монументінің алдында сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. Халықаралық фестиваль Астана қаласының әкімдігі қолдауымен өтіп жатыр. Фестиваль демеушісі ARZU. Еске сала кетейік, жобаның былтырғы бас демеушісіMagnum Cash Carry сауда желісі болды. Фестивальге түрлі себеппен қатыса алмайтын көрермендер үшін биыл онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Басталуы сағат 17:00-де. Бүгін Yedil Satzhan Project (Қазақстан), Indiogenes (Перу), Marga Muzika (Литва), Dirtwire (США), Роберт Юлдашев Курайсы ұжымы (Башқұртстан) және Mamadou Diabate Percussion Mania (Буркина-Фасо, Сенегал) сынды музыканттар өнер көрсетеді. Биылғы фестивальге барлығы 23 елден 120 музыкант қатысып жатыр. ҚатысушыларИрландия, Буркина-Фасо, Сенегал, Турция, Мали, Венгрия, Перу, АҚШ және Индия сынды түрлі елден келген. The Spirit of Tengri және The Spirit of Astana фестивальдерінің демеушілері Magnum CashCarry және Kaspi.KZ.