The Spirit of Astana 2018. Үшінші күн. LIVE

The Spirit of Astana 2018. Үшінші күн. LIVE
Фото: OnParty.Me

Бүгін – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған The Spirit of Astana 2018 заманауи этникалық музыка фестивалінің үшінші күні. 

Жаздың ең басты музыка мерекесі "Бәйтерек" монументінің алдында сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. 

Халықаралық фестиваль Астана қаласының әкімдігі қолдауымен өтіп жатыр. Фестиваль демеушісі – ARZU. Еске сала кетейік, жобаның былтырғы бас демеушісі Magnum Cash & Carry сауда желісі болды.

Фестивальге түрлі себеппен қатыса алмайтын көрермендер үшін биыл онлайн-трансляция ұйымдастырылды. Басталуы – сағат 17:00-де.

Бүгін Yedil & Satzhan Project (Қазақстан), Indiogenes (Перу), Marga Muzika (Литва), Dirtwire (США), Роберт Юлдашев & "Курайсы" ұжымы (Башқұртстан) және Mamadou Diabate & Percussion Mania (Буркина-Фасо, Сенегал) сынды музыканттар өнер көрсетеді. 

Биылғы фестивальге барлығы 23 елден 120 музыкант қатысып жатыр. Қатысушылар Ирландия, Буркина-Фасо, Сенегал, Турция, Мали, Венгрия, Перу, АҚШ және Индия сынды түрлі елден келген. 

The Spirit of Tengri және The Spirit of Astana фестивальдерінің демеушілері – Magnum Cash&Carry және Kaspi.KZ.

Massaget.kz