PSY жарыққа жаңа екі суперхит шығармақ

"PSY" деген атпен танымал болып кеткен кәріс рэпері  Пак Чэ Сан әлемдік сахнаға тағы да екі бірдей жаңа хит-әнді алып шықпақшы.

PSY жаңа әндерінің "Каннам стайл" әніндей әлеуметті бір шулатып тастайтынына нық сенімді. Осы жайында әлемге соңғы сапары аяқталған күні, Сеульдің Кимпхо әуежайынде журналистерге мәлімдеме жасапты. Тоғыз ай бойына созылған ұзақ шарлауда әйгілі рэпер 14 елдің қырықтан астам қаласында болып қайтқан.

"Екі жаңа әнді толық дайын деуге болады. Ендігі кезекте, қайсысын бірінші шығару керектігін ойлану керек" - дейді кәріс әншісі. 

Бір қоса кетерлігі, жаңа әннің бірі "Каннам стайлдың" ар жақ-бер жағында көрінеді. Өйткені, журналистердің бірі қойған сұраққа екі әннің бірінің жоғарыдағы өз әніне қатты ұқсайтынын жасырмаған. Ал екіншісі мүлдем басқа құрылымда түзілген екен.

Жаңа әннің тұсаукесері 12 сәуір күні өткізілмек. Сол күннің ертесіне Сеулде Пак Чэ Сан "Happening" атты жеке ән-кеші өтетін болады.

сурет:polezno.kg

Дайындаған: Фараби Арыстанбек