Таяуда тапқыр да табанды кәріс әншісі PSY өзінің «Gangnam Style»-дегі атақты биімен пістенің жарнамалық ролигіне түсіпті.
Пісте шығаратын компания әртісті аттай қалап шақырған. Жарқын әрі тамаша түсірілім аясында PSY әлемді зиянды тағамдардан бас тартуға шақырып қана қоймай, өзінің атақты әніне аз да болса өзгеріс енгізген: "Crackin' Style". Ең бастысы, меншіктеп алған биі ән мәтінінен асып түссе керек.
Естеріңізге сала отырсақ, оның алдында Сингапурда болған кезекті бір конференцияда аталған әнші би үйретуден шаршағанын мәлімдеген-тұғын. Онда ол: "Шын мәніне келсек, қажып кеттім. Табыс көзі болғандықтан, жалғастыра бермекпін..." - деп шағынып еді.
Қысқасы, роликті бір көргенге не жетсін. Ендеше, жасыл пісте PSY-ге қалай орнығыпты?..
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rE6iiiDdTNY","width":"450","height":"240"});
сурет:radio107.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек