Nomad Way 2018. Айрықша сахна мен теңдессіз әртістік құрам

Nomad Way 2018. Айрықша сахна мен теңдессіз әртістік құрам
Фото: The Spirit of Tengri

Бүгін Астана төрінде көшпенді мəдениеттің ІІ Халықаралық музыкалық Nomad Way фестивалі басталмақ.

Бұл шараның негізгі мақсаты көшпелі халықтардың мұрасын сақтап қалу мен мәдениетін көпшілікке таныту. Фестивальді The Spirit of Tengri жобасы мен Мəдениет жəне спорт министрлігі бірлесе ұйымдастырып отыр.

Nomad Way – 2018 шарасының  өтетін жері – Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатр. Сағат 17.00-де басталады. Кіру тегін. Осы фестиваль шеңберінде Қазақстан жыл сайын түркі жəне өзге де бауырлас халықтардың музыка мəдениетінің өкілдерін қарсы алады.

Халықаралық Nomad Way көшпенді халықтардың мәдениет фестивалі Қазақстан Республикасының елордасы Астананың 20 жылдығына орай, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Фестивальдің ресми қолдаушысы - ARZU суы.

Nomad Way 2018 фестиваліне жолы түспегендер оның онлайн-трансляциясын Tengrinews.kz сайтынан  немесе The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желі парақшаларынан тамашалай алады.  Сапалы тікелей эфир фестивальдің әр күні сағат 17.00-де басталатын болады. Онлайн-трансляцияны Жер шарының кез келген түкпірінен көруге боалды. Этнофестиваль түзігінін "Жулдыз FM" радиосының бағдарламалық директоры, жүргізуші Жасұлан Қали ұстайды.

"Сахнаның конструкциясының өзі ерекше. Сахнаның тыңдармандарға қарсы жағынан Есілге қаратып арнайы экран орнаттық. Сондықтан концертті тек сахна алдынан ғана емес, сондай-ақ, жағалау жақтан да көру мүмкіндігі бар. Ал, біздің фестивальдің жарығы мен дыбысының сапасын ескеретін болсақ, оны тіпті, өзеннің арғы бетінен тамашалай аласыз", - дейді Nomad Way фестивалінің режиссері Сергей Майборода.

Башқұрстандық "Арғымақ" тобы кеше "Астана радиосында" қонақта болып үлгерді. 

"Біздің соңғы жылымыз өте белсенді өтті. Біз бүкіл әлемде, Ресейде, өзге де республикаларда көп саяхат жасап, концерт қойдық. Біз өзіміздің бағдарламамызды толығымен жаңарттық және оған жаңа жанрлар, бағыттар қостық. Башқұрт халық музыкасының элементтері бар заманауи жанр десек болады. Әрине, жақсы көңіл-күйдеміз. Біз барлық астаналықтарды асыға күтеміз! Кез-келген мемлекет –  бұл халық. Халық – оның мәдени дәстүрлері. Осы мәдени дәстүрлерді сақтау –  бұл мемлекет негізі. Біз үшін Nomad Way тамаша фестиваль. «Nomad Way» -ге Мәскеу башқұрттары да қатысады. Олар Zaman тобының жігіттері», - деді ұжымның негізін қалаушы әрі көркемдік жетекші Ринат Рамазанов.

«Арғымақ» жобасының саунд-продюсері, перкуссионисі әрі вокалисі Радмир Исмаилов: «Ең алдымен, біз өзіміздің тұрақты тыңдармандарымызды күтеміз, сондай-ақ жаңа тыңдармандар пайда боларына да сеніміміз мол. Біздің геолокация - Қазақстан, Астана, Алматы».

Бурятиялық Namgar тобының негізін қалаушы Намгар Лхасарановамен сұхбаттасу мүмкіндігі болды. Ол фестиваль туралы:  «Өткен жылы біз Астанаға алғаш рет келдік. Бізге көрермендердің ыстық ықыласы өте ұнады. Мұндағы аудитория керемет. Музыкалық фестивальдің ауқымы кең болуына орай, әлемнің түкпірінен көптеген орындаушылар жолығып, бір-бірін тыңдап, жаңалыққа ұмтылады. Бұл Азиядағы сирек кездесетін құбылыс. Астанада осындай фестивальдар өткізгеніңіз - бұл астананың тұрғындарына үлкен сыйлық. орнатады. Мұндай фестивальдарды жыл сайын жасау керек», - поделилась Намгар.

Nomad Way 2018 фестивалінің өтетін орны Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатр. Биылғы жылы астаналықтар мен қала қонақтары үшін ұмытылмас концерт (22-24 маусым) болады. Фестивальда түркі және бауырлас халықтарының музыкалық мәдениетін танытатын 20 елден 19 ерекше топ өз өнерін паш етеді. Концерттердің басталуы сағат 17:00-де. Кіру тегін!

Биылғы қатысушылар арасында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан, Венгрия, Түркия, Эстония және АҚШ этно-әлемдік жанрында топтар өнер көресетеді. Бұған дейін, тувиндік топ Huun Huur Tu америкалық диджей Кармен Риззомен бір сахнада болатыны айтылған, Svjata Vatra ұжымы (Украина, Эстония) Ислам Сатыров орындаушы (Ставрополь, Ресей), Tilla Torok Band тобы (Венгрия), көмеймен ән орындаушы Чылтыс Таннагашева, сондай-ақ башқұрт тобы "Арғымақ" және Zaman. The Spirit Of Tengri - ұлттық мәдени брендтің мәртебесі бар заманауи этникалық музыка жанрындағы әлемдегі ірі жобалардың бірі. Оның мақсаты - ұлы дала халықтарының және бүкіл әлемнің мұрасымен таныстыру, қазіргі заманауи этно-музыкамен қазақстандық өнер өкілдерін біріктіру. Бұл жоба 2012 жылы "Тенгри FM" ұлттық телеарнасымен бірге құрылды. Бүгінгі фестивальға әлемнің 70-тен астам елдері мен аймақтарынан музыкалық ұжымдар қатысады. Фестиваль қонақтарының саны 100 мыңға жетті. "The Spirit Of Tengri" жарқын музыкалық шоумен қоса, бейнематериалымен ерекше. Осылайша, ол ойын-сауық кеші ретінде ғана емес, білім беру сипатына да ие.

The Spirit of  Tengri – этникалық музыка саласындағы аса ірі әрі мәдени брендке айналып үлгерген фестиваль. Ол Ұлы Дала елдері мен өзге де жаһан жұртшылығының мәдениетімен таныстыруды мақсат тұтады.  Қазақ жерін мекен ететін этникалық топтарды бір жерде тоғыстырады. Жоба 2012 жылдан бері  Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанция ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Бүгінгі күні шараға әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 70 ел мен аймақтың музыкалық топтары өнер көрсетіп үлгерді. Осы уақыт аралығында 100 мыңнан астам тыңдарман музыка тойының қызығын тамашалады. The Spirit of Tengri жобасы шеңберінде өткізілетін концертте – көркемдік материалдармен әрленген теңдессіз музыкалық шоу. Сондықтан, тек көңіл көтеру емес, танымдық контентпен де қызықты.

А. Оралқызы