Ninety one тобының Өскемендегі концерті не үшін өтпей қалды?

Атышулы Ninety one тобы Өскемендегі концертін кейінге қалдырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өкінішке қарай, Өскемен қаласындағы кешіміз ұйымдастырушылардың кәсібилігі жоқтығына және олардың концертті ұйымдастыруға деген қарым-қатынасының дұрыс болмауына байланысты өтпейтін болды. Концертке сатып алған билеттеріңізді алған жерлеріңізден қайта кассаға қайтара аласыздар!", - делінген топтың Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін топтың концерті Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды және Жезқазған қалаларында өтпей қалған еді. Оған бастама көтерген топтардың наразылығы себеп болған. Мәселен, Ақтөбеде он шақты жігіт жиналып, журналистерді жинап, концерттің өтуіне қарсылық білдірген еді. Кейін ұйымдастыршылар концерттің өтпей қалуына байланысты алты миллион теңге талап етті. Ал Қарағанды мен Жезқазғанда бастамашыл топтар концертті өткізбеуді сұрап, әкімдікке хат жолдаған.