JUZ Entertainment компаниясы мен "Ninety One" тобының арасындағы келісімшарт тоқтатылды. Бұл туралы топ арнайы пресс-конференцияда атап өтті.
Компания мен топтың ортақ жұмысы ары қарай жалғаспайды. Сонымен қатар, әлемде болып жатқан жағдайлардың тұрақсыздығына байланысты АҚШ-тағы келісім де уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлады.
Топтың аты, осы уақытқа дейін жарыққа шыққан әндері мен барлық жұмысы жігіттердің өзінде қалады,– дейді экс-продюсері Ерболат Беделхан.
Eagles компания мен топ арасындағы келісімшарттың аяқталуын топтың тарауымен байланыстыруы мүмкін. Дегенмен, топ өз жұмысын жалғастыра береді. Тек продюсерсіз. Өзге продюсер іздеу әзірге ойымызда жоқ,– дейді топ мүшесі Zaq.
Әрине, жігіттердің алдағы шығармашылық жұмыстарын бақылаумен боламын. Одан кейін менің жұмысым – топ құру. Сол бағытта жұмысымды жалғастыра беремін. Жігіттердің өзіне де айтқам, оларға бәсекелес топ дайындау ойымда жоқ. Әлі де шоу-бизнесте нарық жоқ. Сол себепті жергілікті нарық қалыптастыруға ден қоямын,– деп Ерболат Беделхан болашаққа жоспарымен бөлісті.
Келісімшарттың осы жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс болатын. Арада жанжал болған жоқ, екі жақты келісім бойынша компания мен топтың жұмысын тоқтатқаны белгілі болды.
Топ жаңа жобалардың құпия қалуын жөн санады. "Жағдайды көріп жатырмыз. Қазір болашақты жоспарлайтын заман емес, бүгінгі күнмен өмір сүретін кез. Алдағы 1-2 айлық жоспарлар құпия қалғаны жөн",– деді топ мүшесі Zaq.