Жақында Алматы қаласының көшелерінде пайда болған "I love baranina" жарнамалық науқаны танымал Motor-Roller рок тобының 20 жылдығына арналған мерекелік концертінің ұраны болып шықты.
Ерекше жарнамалық акцияны креативті рок топтың мүшелері ойлап тапқан. Олар ұранның сырын соңына дейін ашпай, тыңдармандар бұл сұраққа жауапты тек концерт барысында алатындығын айтып отыр.
Концертте жақында жазылған жаңа әндер орындалады. Айта кетсек, соңғы әндер жинағы Тайланд елінде осы жылдың тамызында жазылған екен. Жаңа әндер жинағы тек келесі жылдың басында жарық көреді деп жоспарлануда. Топ мүшелері уәде еткендей, концерт рок музыканы сүйіп тыңдайтын Motor-Roller тобының табынушылырына өте қызық болмақ.
Motor-Roller Massaget сайтына қолтаңба беруде
Айта кетсек, қазірде Motor-Roller рок тобы шет елде үлкен танымалдыққа ие. Олардың айтуынша, тіпті басқа елдердегі танымалдығы Қазақстандағы атақтарынан асып түседі.
Motor-Roller рок тобының ерекше жарнамалық науқаны осындай ерекше футболкалардан байқалды. Суреттегі қанатты қойдың қолында арфа музыкалық инструменті бар.
Топ мүшелері концерт алдында кермет көңіл-күйде
Motor-Roller рок тобының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт бүгін, 2 қараша күні Алматыда өтеді.
Концерттің қалай өткендігі жөніндегі фоторепортажды бірер сағаттан кейін назарларыңызға ұсынатын боламыз.
Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова