Америкалық 21 Savage бен J. Cole лақап атымен танымал әнші-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards-қа ұсынылды. Бейнебаянды Айсұлтан Сейітов түсірген.
A Lot әніне түсірілген бейнебаян "Жылдың үздік видеосы" номинациясына үмітті. Оған Билли Айлиштің Bad Guy, Ариана Гранденің Thank u, next, Jonas Brothers -тің Sucker, Lil Nas X пен Билли Рэй Сайрустың Old Town Road, Тейлор Свифттің You Need to Calm Down әндеріне түсірілген клиптері бәсекелес болады. MTV Video Music Awards 2019 марапаттау рәсімі 26 тамызға белгіленген.