K-Top Idols жобасы ақтық мәреге жетті

Orda Brothers продюсерлік орталығының жаңа жобасы – K-Top Idols өз мәресіне жетті. Бұл жобаның ақтық сайысы 31 шілде күні Алматы қаласында Rixos қонақүйінде өтті. 

K-Top Idols – k-pop жанрында ән айтатын жастарды қолдауға арналған қазақстандық ең алғашқы бағдарлама. Жобаға қатысушыларды іріктеу наурыз айында басталып, ең жүйрік деген жас таланттар таңдалып алынған болатын.

Кешті осы жобаның жүргізушісі Қажымұқан Тосун мен MUZZONE арнасының тілшісі Серж Позитив жүргізді.

Концерт шымылдығын Орда тобы «Ғашықсың ба?» әнімен ашып, әділқазы ретінде орындарына жайғасты. 

Байқаудың шартына сәйкес, әр топ екі әннен айтты. Алғашқы болып сахнаға шыққан «А» тобының қыздары оңтүстіккореялық Sistar  тобының «Lead Me» әнін орындады.

Луинаның «Неге жаным?» әнімен «Б» тобының қыздары:

«А» тобындағы жігіттер Beatles-дің «Can't Buy Me Love» атты жарқын әнін орындап, көрермендерді бір қуантса, «Б» тобы Got7 тобының репертуарындағы Girls, Girls, Girls әнімен естен кетпес әсер қалдырды.

Осыған дейін Кореядан PSY-дың атақты Gangnam style және Gentleman әндерінің биін құрастырушы Ким Гён Бок(BOK) арнайы шақырылып, мастер-класс өткізіп кеткен еді. Биші қатысушыларға экран арқылы сәлем жолдап, сәттілік тіледі.

Екінші кезеңде «Team A» қыздары Miley Cyrus-тың «Party In The U.S.A.» әніне көңілді қойылым жасап, әділқазылардың мақтауына ілікті.

Романтикалық стилде ән айтатын «Б» тобының қыздары да қалыспай, корей тілінде MissA тобының «Hush» әнін орындады.

Жігіттердің отырған көрермендерді орнынан тұрғызып, бірге билететін ерекше дарындары бар екенін «Б» тобы Әли Оқаповтың «Биле» әнімен дәлелдесе, «А» тобы Орданың жаңа әні «Жауап бер» арқылы көрсетті. «А» тобының рэпері Дулат болса, дәл бейнеклиптегі Есболат сияқты шашын сахнаның төрінде қырып алып тастады. Мұндай тосын сыйды күтпеген жанкүйерлер Дулаттың ерлігіне дән риза болды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/P-MVS0PuvFU","width":"425","height":"350"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/4R3mNEqDmPE","width":"425","height":"350"});

Жас таланттарды қолдау мақсатында осы орталықтың түлектері Ғалымжан Молданазар мен Әли Оқапов жанды дауыста ән салып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/yAdePfBHhQQ","width":"425","height":"350"});

Байқау соңында әділқазы мүшелері жеке-жеке сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті.  Орда тобының әншісі Дастан Оразбеков қыздарға қарағанда жігіттердің тапсырманы жоғары деңгейде орындағанын айтып, қыздарға әлі де дайындық керек екенін атап өтті. Нұрлан Әлімбеков Азамат пен Мерейдің ерекше көзге түскенін айтты.

Есболат финалистердің бұл күнге үлкен еңбектің арқасында жеткенін, күнделікті дайындықтарының таңға дейін жалғасқанын айтқанда, қатысушылар көздеріне еріксіз жас алды.

Ең соңғы сөз жобаның директоры Ерболатқа берілді және ол Orda Brothers продюсерлік орталығының болашақ түлектерін атады. Түлектерді таңдау оңай болмады, сонымен, 19 үміткердің 9-ы іріктеліп алынды. Олар: А тобының жігіттері - Мерей, Ғалымжан, Ербол, Аян, Дулат; қыздары - Тават, Салтанат, Назира; Б тобының жігіттерінен Азамат пен Жанарту.

Жеңістерің құтты болсын дейміз! 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: Назерке Смағұл