Instagram Мадоннаны қорқытты

Instagram Мадоннаны қорқытты

Instagram фотосервисі Мадоннаның қолданушы аккаунтын өшіріп тастауы мүмкін. Себебі оның желіге салған суреттері кейбір ережелерге томпақ келеді екен. Әншінің жеке парақшасына әкімшіліктен ескерту мәніндегі хат түскен.

Бірақ әншінің нақтырақ қандай пункттарға сәйкес келмейтіні туралы сервис айтпаған. Facebook компаниясының меншігі саналатын Instagram осылай атақты әншіге ескерту жасады. Мадоннаның желіге салған көптеген суреттері таяу маңда өшпейтін болса, оның жеке парақшасы жабылмақ.

Фотосервис әншінің салған суреттеріндегі жалаңаш денесінің көрінуін заңға қайшы деп тапқан сыңайлы. 

Business Insider басылымының айтуынша, соңғы жарияланған суретте оның денесі жалаңаш болған. Ал ол киім тігетін белгілі брендтің киімін киетін болғандықтан, арнайы рұқсатқа ие болуы мүмкін деген де болжам бар.

Жалпы әнші 18 сурет енгізіпті, оның екеуін ескертуден кейін жариялаған. Оның жеке парақшасын 165 мың тұрақты оқырман оқып-көреді екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

А. Құлтай