Шілденің бірінші күнінде Алматы және Қазақстанның дарынды жастары сахна төріне шығып, ең үздік кавер орындаушы және Кореяға жолдама үшін бір-бірімен тартыс алаңында сайысқа түсті. Фестивальдің ерекшелігі ретінде осы жылы «Халлю» мен «Spring K-pop Festival» фестивальдері біріктіріліп, осыған орай топтардың сапасы мен маңыздылығы айтарлықтай артқандығын тілге тиек етсе болады.
«Grand K-pop Festival 2014 in Kazakhstan» екі кезеңді құрады. Біріншісі - іріктеуші айналым, екіншісі - финал. Бірінші кезеңде кавер-би, кавер-әуен және жаңа категория кавер-микс – бір номерде кавер-әуен және кавер-би категориялары бойынша 100-ден астам топ қатысқан болса, одан ұшқыр деп танылған 19 топ пен кавер әншілері келесі кезеңге, яғни финалға жолдама алған болатын. Олар:
Overdose Алишер WEDC (We don`t care) The Elect Unique Маржан Up2Top K.M. ( Aktobe) IncriS (Uskemen) Александра Шопашева КАДА ДЭБАК (Astana) Black D Shazam Diva Sensation Mad Men Question Rebellion Black Diamond BoysФестивальді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Пэк Чу Хен ашты. Пэк Чу мырза: «Мұндай мәдени іс-шаралар екі ел арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, мәдениеттерімен танысып, біріктіреді. Және осының арқасында қазір Қазақстан азаматтарына Корея Республикасына 30 тәулік бойы виза жасатпай қыдырып, керемет уақыт өткізе алуына жол ашылды, ал Корея халқы Қазақстан еліне осы жылдан бастап визасыз келіп кетуіне қол жеткізіп отыр. Ол дегеніңіз екі елдің бірлігі мен шаттығы күн санап өсіп келеді деген сөз» дейді.
Ал жарысқа келетін болсақ жарыс төрелігін кейінгі жас буын өкілдеріне үлгі өнеге көрсетіп жүрген, Қазақстанда өткен би жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегерлері - Wake Up би тобы. Олар қатысушы командалар мен әншілерді киім үлгісі, билеу мәнері, дауыс ырғағы, көрермен жанкүйерлерінің ыстық ықыластары секілді барлық талаптарды ескере отырып, әділ бағаларын қойды.
Сүйікті командасын қолдауға жүздеген қолдаушылар келіп, бірі қолына плакат ұстаса, бірі айқайлап, шамалары жеткенінше дем беріп отырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қызығушылар саны жыл санап артып жатыр. Оны көзбен көріп байқамау мүмкін емес. Бұл іс-шараны: Корей Мәдени Орталығы, Қазақстан Корея мемлекетінің Елшісі, "Kazakhstan K-pop Generation" к-поп фан-клубы мен "Hankuk sarang" мәдени форумдары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жоғары дәрежеде ұйымдастыруға тырысып бақты.
Арнайы к-поп музыкасының тыңдармандары мен жиналған көрермендерге Wake up тобы өздерінің ең мықты нөмірлерін ел алдында көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Фестивальдің Бас Жүлдесі – Кореяға жолдама болатын. Жарыс Solo, Dance, Mix және Grand prix номинациялары бойынша марапатталды.
Жеңімпаздар:
Solo бойынша 1 орын - Алишер;
Dance бөлімі 1 орын - Black D;
Mix номинациясы 1 орын - Question тобы;
Ал Кореяға жолдаманы ең мықты, қайталанбас бір туар топ болып қалыптасқан Mad men командасы ұтып, ешкімге дес бермеді. Ұйымдастырушылар сонымен қатар қалған қатысушыларды әр түрлі ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.
Оқи отырыңыз:
K-POP жанкүйерлерін табыстырған кеш
Үздік кавер жаса да, Кореяға жолдама ұтып ал!
M2 Junior - Stand up [Strongest k-pop survival OST]
К-поп: Ең қайраттысы тірі қалады / Strongest k-pop survival
Арнайы Massaget.kz үшін: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: Massaget.kz