Gangnam style-дан Harlem Shake-ке көштік!

YouTube-те вирустық жаңа «мазаңгеткір» әннің нұсқасы пайда болды. Harlem Shake деген әнге әлем біткеннің адамдары қалай болса солай билеуді бастады.

Видео бір аптаның ішінде 9 миллион рет көріліп үлгеріпті. Бір топ адамның билеп жатқан видеосы өте көп. Әрқайсысы күлкілі әрі ешқандай маңыз-ережесіз биге құрылған. Билеу кeзінде адамдар әрқандай киім киеді, мәселен костюм, жартылай жалаңаш, маска, іш киім киіп билейді екен.

Filthy Frank деп аталған қолданушы ақпан айының басында бұл видеоны YouTube-ке енгізеді. Бауер (Baauer) деген атпен танымал болған Гарри Родригес бруклиндік 23 жастағы продюсер. Ол 13 жасынан бастап музыкамен айналысады екен.

Ессіздеу роликке еліктеген көптеген адам бұдан кейін өз видеоларын да YouTube-ке енгізе бастаған. Ал кейбірі тіпті ән түпнұсқасынан да көп көріліпті. Видео екіге бөлінген: біріншісінде бір ғана адам билеп, қалғандары өз ісімен айналысып отырады, ал екінші бөлігінде барлығы да билей жөнеледі.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/0IJoKuTlvuM","width":"450","height":"350"});

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: cdn.doandroidsdance.com