GAKKU TV телеарнасы отандық әртістерден ақша алмайтын болады

Gakku TV телеарнасының басшылығы қазақстандық әртістерден ешқандай қаржы алмайтын болады, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. Себебі телеарна ұлттық және мәдени мақсатты көздейді.

Сонымен қатар, әр жылы телеарна басшылығы Алматы және Астана қалаларында GAKKU дауысы музыкалық фестивалін өткізуді жоспарлаған. Осы жылы қыркүйектің 13-інде фестиваль тұңғыш рет өткізілмек.

Жаңа телеарнаның бас продюсері Тимур Балымбетов телеарна форматы туралы толық айтып өтті.

"Біз барлық отандық өнімді жинақтаумен жүрміз. Бір бөлігі қазіргі Ресей Федерациясының мұрағатында сақтаулы тұр. Оларды ресми Нота жолдау арқылы алатын боламыз. Отандық телеарналар тәулігіне 10-15 отандық бейнеклипті көрсететін болса, біздің топ күніне 470-тен астам отандық клипті ұсынып жатыр", - дейді бас продюсер Тимур Балымбетов.

Әзірге кабельдік желілер арқылы таралып жатқан телеарна тек отандық өнімді ұсынатын қазақ тарихындағы тұңғыш телеарна болмақ. 

Толығырақ видеодан тамашалаңыздар:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mdxeJHinNZ4&feature","width":"450","height":"350"});

Арнайы massaget.kz үшін: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ©massaget.kz