33 жастағы америкалық әнші Рианна Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай әнші деп танылды.
Рианнаның байлығы қазіргі уақытта 1,7 миллиард долларға бағаланып отыр. Оның табысының көп бөлігі кәсіпкерлік қызметтен келеді. Әнші 2017 жылы косметикалық және іш киім шығаратын компанияның негізін қалады.
Әлеуметтік желілердегі жарнама косметикалық компанияның брендін дамытуда маңызды рөл атқарды. Оның инстаграмда 101 миллион, Twitter -де 102 миллионнан астам оқырманы бар.
2019 жылы Рианна музыка әлеміндегі ең бай әйелдер рейтингінде жетекші орынды иеленді. Сол уақытта оның байлығы 600 миллион доллар болған.