Eurovision-2021 байқауында кім жеңіске жетті?

Евровидение-2021 музыкалық байқауында италиялық Måneskin тобы жеңіске жетті, олар Zitti e buoni әнін орындады.

Көрермендер мен қазылар алқасының жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша, италиялықтар 524 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Олармен 25 елдің орындаушысы бақ сынасты.

Måneskin рок-тобының өкілдері күтпеген жеңіс болғанын мойындады, олар көрермендерге алғыс айтты.

Ресейлік әнші Манижа 204 ұпай жинады. Қазылар алқасы Манижаға 104 ұпай берді, ал көрермендерден 100 жиналды.

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы кейінге қалған Евровидение байқауы биыл 18-22 мамырда Роттердамдағы Ahoy аренасында өтті.

Måneskin - төрт адамнан тұратын италиялық рок тобы. 2017 жылдың қарашасында олар дебюттік Chosen синглін шығарған. 2021 жылы Евровидениеде айтқан Zitti e buoni әнімен "Сан-Ремо" музыкалық фестивалінде жеңіске жеткен.

Соңғы рет Италия Евровидениеде 1990 жылы жеңген. Жалпы, бұл елдің үшінші алтыны.

tengrinews.kz