- Негізгі бет
- Музыка
- Contemporary Dance техникасы...
Contemporary Dance техникасы қандай?
Контемпорари (Contemporary Dance) – танымалдылыққа ие би түрлерінің бірі. Бұл би түрін түрлі стильдердің қосындысы деп атайды. Батыс мемлекеттерінде джаз-модерннің түрі саналса, шығыс мемлекеттері үшін тай цзи, йога, цигун элементтерінің жинағы саналады. Көптеген адамдар, контемпорари билеу үшін балет элементтерін меңгеру керек деп ойлайды. Шындығында, бұл би түрі адамның өз денесі мен ойын біріктіру, олардың астаса қимылы мен адамның ішкі сезімін би қимылдары арқылы жеткізуге құрылған.
Би тарихы:
Контемпорари батыс елдерінде ХХ ғасырдың 50-жылдарында пайда болды. Ал, Орталық Азия мемлекеттеріне 80-жылдары ғана жеткен. Бірақ, Қазақстанда бұл би түрі соңғы 10 жылдықта дами бастады. Оған себеп – әлеуметтік желілер мен бишілер тобының YouTube желісін еркін қолдануы. Сонымен қатар, әншідер арасында бейнбаянда контемпорари бишілерін қолдана бастады. Шетелдіктер арасынад, Sia мен Imagine Dragons көзге түссе, отандық әншілер арасынад Қайрат Нұртас бұл тәсілді қолданған болатын. Бүгінде шетелдік үздік шеберлер бидің бұл түрімен таныстырып қана қоймай, контемпорари-дэнстің дамуына жаңа шабыт берді.
Kaycee Rice
Контемпорари мәні:
Бұл би түрі би жанрының барлық түрінің қосындысы (эстрадалық, ұлттық, балет, тай-чи), әннің сөзі мен қимыл үйлесімдігі, театр қойылымы мен бишінің әнге сәйкес сюжеті. Биші еркін жылай алады, күледі, билеп жүріп көрерменмен тілдеседі. Контемпорари жанрының бишілері өзгелергі сезімді іште жасырмауға үгіттейді және әр қозғалыстың мәні бар екеніне сенеді.
Sean Lew
Контемпорари техникасы:
Заманауи би түрінде түрлі техника қолданады: бір орында тұрып, отырған күйі, соло не топтық би. Бірақ, кеңінен тарағаны жұптық би. Бишілер арасындағы ішкі эмоциялық жағдайының үйлесімі мен бидің формасы сәйкес келуі өте маңызды. Әрбір қимыл адамның ішкі жағдайынан хабар береді. Контемпорари – адамның әлемді сезінуі, ішкі эмоциялық байлықтың үйлесімі. Биде тыныс алуға көбірек мән беріледі.
Биді үйрену үшін не керек?
Үйрену барысында қимылдар жеңілден ауырға қарай өтеді. Арнайы сабақтардың басым бөлігі партермен (еден) жұмысқа арналады, адамның өзін бос ұстауына (release techique) мән беріледі, одан бөлек дененің икемділігі (стретчинг) үлкен рөл ойнайды. Бишінің салмағы, бойы мен салмағының маңызы жоқ, өйткені сontemporary dance адам денесінің мүмкіндіктеріне құрылған. Биде адамның қозғалысының реттілігі рөл атқарады: босаңсыған күйден бұлшық еттің жиырылуына өту, кенет тоқтап қалу, музыканың тең жартысын бір орында өткізу, жүгіру, құлау бұлардың барлығы бидің техникасына кіреді.
Бидің ең басты ерекшелегі – импровизация. Бұл бишінің арнайы сабақтардан үйренгені мен оның ішкі дүниесі, өзін және өз денесін сезіне білуі, бидегі өзінің образының синтезі. Сондықтан бұл жанр бишілерін "еркіндік жаршылары" деп те атайды.
Т. Есқали