- Негізгі бет
- Музыка
- 20 жасында Billboard...
20 жасында Billboard рейтингін бағындырған рэпер қаза тапты
XXXTentacion атымен барша әлемге танымал АҚШ рэпері Джасей Дуэйн Онфрой оққа ұшты. Оны Майами жағалауында өз көлігінен түсіп келе жатқан жерінен беймәлім адам бірнеше рет атып кеткен. Салондағы Louis Vuitton сөмкесін өзімен ала кеткен.
Батыс басылымдары мәлімдеуінше, қылмыскер рэпердің банктен қомақты қаржы суырып алғанын білген, яғни, қастандықпен өлтірген.
XXXTentacion 20 жасына дейін 2 альбом шығарып үлгерген және жуырда 6 миллион доллар көлеміндегі келісімшартқа қол қойған екен. 2017 жылы жарық көрген "17" аталатын дебюттік альбомы Billboard 200 чартында бірден екінші орынға көтерілген еді. Биыл наурыз айында шыққан "?" әні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Оған A$AP Rocky мен Кендрик Ламар сынды атақты рэперлер қолдау көрсетті.
Онфрой өлімінен кейін тағы бір рэпер Jimmy Wopo лақапатымен өнер көрсететін Трейвон Смарттың қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы Flow басылымы хабарлады. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері көлікте жарақат алған екі адамды көрген. Тергеу мәліметінше, белгісіз біреулер басқа көліктен оқ атып, бірден оқиға орнынан жасырынған. Жарақат алған екі ер адам ауруханаға жеткізілген, бірақ біреуі кейіннен қаза болған. Қаза болған ер адам 21 жастағы рэпер Jimmy Wopo екені анықталды.
А. Оралқызы