Тәуірбектің тәуір әндері (видео)
Тәуірбек Бозекенов тыңдарман алдында есеп бергісі келеді. Ертеректе жазған әндерін Массагет ұсынғалы отыр.
"...Қыр баласы тауға қарап өспейді, Қыр баласы қол созады аспанға" (Табылды Досымовтың сөзі) - деп Атыраудан Алматыға келген, Алматыдан Астанаға қоныс аударған жігіттің әншілік өнерде жүргеніне көп болды. Алматының қыз-жігітін әнімен жаулап, сәнімен баурап алған көркем жігіт "Таңшолпан" сазды-ақпараттық бағдарламасында қызмет атқаруда.
Бәрінен бұрын, Талғат Мықидың сөзіне жазылған "Шыңғыс хан" (осылай аталып кете барған) әні студент қауым ортасында кеңінен танылып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Тіпті, той-томалақтарда айтылып қалып жатады екен.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: Тәуірбек Бозекеновтың жеке мұрағатынан
Л. Лига