10 жасар Әлішер "Славянский Базар 2012"-де лауреат атанды

10 жасар Әлішер "Славянский Базар 2012"-де лауреат атанды

Алматылық өнерпаз Әлішер Жақсыбай балалар арасында өткен X халықаралық "Славянский базар 2012" байқауында бірінші премияға ие болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлады.

Витебскіде өткен сайыста 10 жасар Әлішер Олег Газмановтың "Есаул" әнін орындап қазылар алқасының таңдайын қақтырды. Жас әншіге лауреат дипломымен қоса, 3000 доллар көлемінде сыйақы тарту етілді. 

ыв

 "Славянский Базар 2012" байқауының лауреаты Әлішер Жақсыбай

Конкурстың жеңімпазы 11 жасар грузиялық Мариам Бичошвили атанды. Екінші пермия бірден үш әншіге берілді. Бұл бағы жанған өнерпаздар мыналар: Румыниядан келген Диана, өзбекстандық Шухрат және украиналық Поллианна Рыжак. Үшінші премия Литвадан келген Паулина Скрабитеға бұйырды. 

Конкурсқа ұзын саны 17 елден 20 өнерпаз қатысты. Бұл жолы Халықаралық қазылар алқасының төрағасының қызметін грузиялық әнші әрі композитор Джемал Сепиашвили атқарды. 

Айта кетелік, ересектер арасында өткен конкурсқа Қазақстан атынан X-Factor жобасының жеңімпазы Дария Ғабдул қатысты. Дария бұл бәсекеде 6-орынға ие болды.   

Төмендегі бейнебаянда басқа да қатысушылардың өнерлерімен таныс болып, көңіл сергітіңіз:

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фото: Сергей Серебро©, festival.vitebsk.by