Пәтер иесі жалдау ақысын көтерсе не істеу керек?

Пәтер иесі жалдау ақысын көтерсе не істеу керек?

Алматыда жалға берілетін пәтер бағасы күрт өсті. Әлеуметтік желілерде пәтер иелерінің жалдау ақысын өсіріп, жалға алушыларды қуып жіберді деген ақпарат тарап жатыр. Қаржы консультанты Әсел Әуелбекова instagram парақшасында пәтер жалдап тұратындар мұндай жағдайға тап болғанда не істеу керегін түсіндірді.

Жалдау ақысын нарық белгілейді. Нарық дегеніміз не? Бұл атышулы сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс неғұрлым жоғары болса, құн соғұрлым өседі, ал егер ұсыныс сұранысты толық өтемесе, онда өнім/қызмет тапшы болып, олардың бағасы көтеріледі. Сондықтан жалға алу құны әрқашан нарық және пәтер иесінің шешімі.

Бірақ, шынымен де қиын жағдайға тап болып, кем дегенде бір ай бұрын ескертпестен баспананың құнын күрт көтеріп жатса не болады? Егер сізде жалдау шарты болмаса және жалдау төлемдері үшін фискалдық чектер алмасаңыз не істеу керек?

Мұндай кезде талдау жасау керек

Сайттардағы бағаларды зерттеңіз, басқа пәтерлерді қараңыз. Қаржылық жағдайыңызды алдын ала бағалаңыз, қалтаңыздағы ақшаға қандай пәтер табуға болатынын түсініңіз. Бұл пәтер иесімен егжей-тегжейлі сөйлесу кезінде көмектеседі.

Пәтер иесімен сөйлесіңіз

Біз бәріміз адамбыз, бір-бірімізбен келісе аламыз. Робот емеспіз, сезім мен эмоция бар. Сондықтан мен үй иесін шайға шақыруды, отырып нұсқаларды талқылауды, қанша төлеуге болатынын және қанша төлеуге болмайтынын түсіндіруді ұсынамын. WhatsApp-та хат жазу адамдар арасындағы байланысты алмастыра алмайды.

Қорқытпаңыз немесе бопсалауға болмайды

Қазір барлық жерде жалдау ақысының төленгенін, оның түбіртегін алып салық басқармасына бару ұсынылады. Дүрбелең тудыруға және салық басқармасының алдында кезек тудырмауға кеңес беремін. БРЖ (ЕСП) төлемей және жеке кәсіпкерді тіркемей пәтерін жалға берудің төндіретін максимум жазасы ескерту, ал екінші рет мұндай заң бұзғанда ғана айыппұл салынады. Маған сеніңіз, бопсалау мен қоқан-лоққы сізді жалға алушы және жалға беруші ретінде ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа апаруы екіталай. Бірақ сіз бұл фактіні айта аласыз. Ал егер сізді пәтерден шығарып жіберген болса, кейінірек салық басқармасында бармай-ақ e-otinish сайты арқылы өтініш жазуға болады.

Өз құқықтарыңызды біліп, оларды талап етіңіз

Айғайлап, кеуде соқпай болашақ қарым-қатынасыңыз үшін жалдау шартын жасауды сабырмен сұраңыз, тіпті бұрын сіз оны талап етпеген болсаңыз да. Фискалды түбіртектерді сұраңыз. Келісімшартта тұрғын үй құнының қымбаттауы туралы қанша уақыт бұрын ескерту керек екенін және жалдау шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға не себеп болуы мүмкін екенін көрсетіңіз. Келісім-шартсыз сіз де, үй иесі де қорғалмайды. Оларды назардан тыс қалдырмаңыз.

Мәселелерді зорлық-зомбылықсыз және қоқан-лоққысыз шешуге болады деп ойлаймын.

Т. Раушанұлы