- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Ұлттық экономиканың жетекші...
Ұлттық экономиканың жетекші күші
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауұлттық экономиканың жетекші күші әрі міндеті екені көрсетілген.
«Отандық кәсіпкерлік – жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші. 2030 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі кем дегенде екі есе өсуі тиіс. Іскерлік мәдениеттің деңгейін көтеру және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру маңызды», – делінген Жолдауда.
Бұл міндетке шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясаты сәйкес келеді. Елімізде соңғы жылдары кәсіпкерлік сектордың өсуі үшін қолайлы жағдай жасалған. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттің саясаттың негізгі мақсаттары:
– тиімді және өнімді кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, ынталандыру;
– ШОК-тің бәсекеге қабілетті орта мен қоғамның орта класын қалыптастыру факторы ретінде тұрақты дамуы;
– ЖІӨ қалыптастыруда республикалық және жергілікті бюджеттің салықтық кірістерінде ШОК қатысу үлесін ұлғайту.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Бағдарлама мақсаты – өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілерді қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.
Бағдарлама көздегеніне жету үшін 4 бағыт бойынша жұмыс істейді:
1. Моноқала, шағын қала және ауылдық елдімекендегі кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын қолдау.
2. Экономиканың басым секторлары мен өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлерді/ индустриалды-инновациялыққызмет субъектілерін салалық қолдау;
3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету
4. Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету
Төртінші бағыт бизнесті жүргізу негіздерін оқыту және әлеуетті кәсіпкерлерге консультация жүргізу жөніндегі жобалар кешенін қолдайды.
«БЖК – 2020» іске асырудың барлық кезеңінде (2010 жылдан бастап) бюджеттен 455,4 млдр теңге, оның ішінде 2018 жылы 45,9 млрд теңге бөлінді. 2019 жылға 71,6 млрд теңге, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферт шеңберінде 30 млрд теңге бөлу көзделді.
«БЖК – 2020» шеңберінде іске асырудың барлық кезеңінде (01.01.2019) ел бойынша қаржылық қолдау шараларына 20 мыңнан астам ШОБ субъектісіне 422,3 млрд теңге жұмсалды. ( 2018 жылы – 66 млрд теңгеге 3 мың субъект).
01.01.2019 жағдай бойынша келесі қаржылық қолдау көрсетілді:
– жалпы сомасы 173,2 млрд теңгеге (іске асырылған сәттен бастап 2 340,5 млрдтеңге) 1432 жобаға (іске асырылған сәттен бастап 12 634 жоба) субцидия берілді. Төленген субциядияның жалпы сомасы 39,9 млрд теңгені (іске асырылған сәттен бастап 221,6 млрд теңге) құрады;
– жалпы сомасы 48,7 млрд теңгеге (іске асырылған сәттен бастап 178,6 млрд теңге) 1 191 жоба кепілдендірілді, ал берілген кепілдік сомасы 18,9 млрд теңгені (іске асырылған сәттен бастап 73,5 млрд теңге) құрады;
– 684,34 млн теңге (іске асырылған сәттен бастап 4,7 млрд теңге) сомасына 436 жоба бойынша (іске асырылған сәттен бастап 2 098) мемлекеттік грант берілді;
– жетіспейтін индустриялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 6,5 млрд теңге сомасына (іске асырылған сәттен бастап 122,5 млрд теңге) 10 жоба қаржыландырылды.
«БЖК – 2020» бойынша қаржылық емес қолдау
2019 жылғы 1 қаңтардан бері бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және жаңа 22 847 (іске асырылған сәттен бастап 175,6 мың) кәсіпкер кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды, оның ішінде:
– «Бизнес-мектеп» құралы бойынша бизнес тренингтерден 21 854 (іске асырылған сәттен бастап 168,2 мың) тыңдаушы өтті;
– ШОБ топ-менеджменті бойынша 424 (іске асырылған сәттен бастап 2 949) кәсіпорын басшысы білім алды;
– «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 569(іске асырылған сәттен бастап 4 468) адам білім алып, оның ішінде 494-і АҚШ және Германияның бейінді кәсіпорындарында шетелдік тағылымдамадан өтті.
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында:
– 96,3 мың (іске асырылған сәттен бастап 497,5 мың) клиенткебизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 208,6 мыңнан астам (іске асырылған сәттен бастап 968,7 мың) кеңес берілді.
– 42,8 мың (іске асырылған сәттен бастап 410,2 мың) кәсіпкерге 45,8 мың ( іске асырылған сәттен бастап 410,2 мың) сервистік қызмет көрсетілді.
А. Оралқызы