- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Тимур Құлыбаев: Саналы...
Тимур Құлыбаев: Саналы протекционизм саясатын дамытатын кез келді
Қазақстанда саналы протекционизм саясатын іске асыру, сондай-ақ импортты алмастыруды дамыту қажет, бұл туралы Парламент Мәжілісі депутаттарының Атамекен ҰКП басшылығымен кездесуі барысында ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев айтты.
Өзінің баяндамасында Атамекен басшысы ішкі сұраныс әлеуетін арттыру және ішкі нарықты сақтау шараларын тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті, осы ретте қазақстандықтардың азық-түлік себетінің толык болуына басымдык берілуі тиіс.
Бүгінде мемлекет төлеуге қабілетті негізгі тапсырыс беруші болып отыр. ЖІӨ-ге қатысты реттелмелі сатып алулардың үлесі 25%-ды құрайды, соның ішінде квазимемлекеттік сектор және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары бар. Сатып алулардың жалпы көлемі – шамамен 15,8 трлн теңге. Соның ішінде 2,1 трлн теңгені өңдеу өнеркәсібінің тауарларын тікелей сатып алу құрап отыр. Осы әлеуетті барынша пайдаланып, сұранысты қажетті арнаға түсіру қажет, – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Ұлттық палата басшысы сатып алулардағы жергілікті қамту үлесіне тоқталып өтті, бүгінде оның үлесі небәрі 30%-ды құрайды. Орта мерзімді перспективада бұл көрсеткіш 2-2,5 есе өсуі керек, мұндай тенденция өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға жалпы сомасы 1 трлн теңге көлемінде өткізудің қосымша көлемін қамтамасыз етеді.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар мен 5-7 жылға дейін оффтейк-шарттар түріндегі қолдау механизмдері таза импортты алмастыруға және өндірістердің жаңа түрлерін игеруге бағытталуы тиіс. Осы ретте мұндай келісімшарттар бизнестің бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру бойынша ыңғайласпа міндеттемелеріне қарай жасалуы тиіс, – деді Тимур Құлыбаев.
Ыңғайласпа міндеттемелерге келетін болсақ оларды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бақылаудың цифрлық жүйесі арқылы басқаруға болады, деп санайды Атамекен мамандары. Айта кетелік, Ұлттық палата өнеркәсіпке цифрлық мониторинг жүргізу жөніндегі жүйені іске асыруды бастады. 2019 жылдың желтоқсан айында Атамекен жүйенің бірінші кезеңін таныстырады. Ары қарай бұл жүйені АӨК мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін мониторингілеуге қолдануға болады.
Алдағы 2-3 жылда ішкі ресурстарға назар аудару, сұранысты қамтамасыз ету, ышкі нарықты толықтыру қажет, осылайша нақты секторды қолдау өте маңызды, – деп қорытындылады Тимур Құлыбаев.
Сонымен қатар, Атамекен басшысы мемлекеттік бағдарламаларға қатысты орын алған ситуацияға егжей-тегжейлі тоқталып өтті, әр бағдараламда түрлі оператор, түрлі мөлшерлемелер белгіленген, бұл жайт нарықтың бағдарлануына кедергі келтіруде.
Бірыңғай басымдықтарды: қандай салаларды қолдау қажет, қандай салаларды нарыққа беру қажеттігін қорыту маңызды. Барлық бағдарламалардың іске асырылғаны қажет. Осы жұмысты бірлесіп жүзеге асыру керек, – деп ұсынды Атамекен басшысы.
Кездесу барысында Атамекен ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінде Нұр Отан партиясы Фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин 2020 жылға кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жол картасына қол қойды.
Құжат кәсіпкерлердің жүйелі мәселелерін шешуге көмектеседі. Соның ішінде: мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында, бизнесті ауылдық жерде дамыту, бизнестің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту көзделген.