Роботехника: тиімді кәсіп

Роботехника: тиімді кәсіп
Фото: vk.com

Нарықтық экономикада бәсекелестік жоғары, кәсіпті енді бастағысы келетін азаматтарға нарықта орын еншілеу әрі сонда тұрақты орнығу өте қиын. Сондықтан халықтың сұранысына ие болатын, тәуекелдері аз бағыттарды таңдаған жөн. Қолға алмақ жобаңыз инновациялық технологияларға қатысты болса, онда бұл бағытта мемлекеттік қайтарымсыз қаражатқа ие болуға мүмкіндік бар.

Кәсібіңіз білім беру саласына қатысты болса, мұнда да балаларға инновациялық білім беру бойынша табысты бизнес құруға болады. Қазіргі таңда балалар смартфондар мен планшеттерге әуес. Балалар назарын аулайтын гаджеттердің, мобильді қосымшалардың сан алуандығы, ауқымы соншалық, баланы кітап оқуға, тиімді жаттығулармен айналысуға тарту қиын.

Смартфондарға тәуелділік бүкіл жаһанның проблемасы. Қайтпек керек? Сарапшылардың  пкірінше балаларды сүйікті ойыншығынан күшпен ажырату дұрыс емес деп санайды. Баланың қызығушылығын пайдалы қолдану білген жоқ. Осы ретте тамаша шешім «Робототехника» курсын ашуға болады. Назарларыңызға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер паласы сарапшылары дайындаған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты нұсқаулықтанроботехника саласы бойынша бизнес ашу жобасын ұсынбақпыз.

Мұндай кәсіпті бастауға шамамен 3 млн теңге қажет.  Өтемділік мерзімі: 10 ай.Жоба тұжырымдамасы – роботты техника клубына қатысу, 5-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге робот техникасы саласын меңгеруге мүмкіндік береді. Білім беру негізіне STEM (ғылым (science), технология (technology), жобалау (engineering), математика (mathematics)) қағидасынан тұрады. Оқу процесінде ең озық технология мен халықаралық стандарттағы оқу бағдарламасые қолдану жоспарланған.

Роботты техника клубы ­– қарапайымнан күрделіге дейін жүйесі бойынша робот техникасын түрлі деңгейде оқуға арналған орын. Оқу бағдарламаларында 8 адамнан тұратын топта әрбір балаға жекеше көңіл бөлу арқылы ынытмақты түрде сабақ өту ойластырылған. 

Өнім сипаттамасы: бала не үйренеді? 

  • Ұсақ моторика: құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану балалардың саусағын ұсақ қимылдар арқылы дамытады;
  • Құрау: бала ұсақ бөлшектерден робот құрастыруды, қандайда бір бөлшектер не үшін керетігін үйренеді;
  • Бағдарламалау: роботтар қандай да бір бағдарламасыз жұмыс істемейді. Балалар интуициялық түсінікте компьютерік бағдарламаны дайындауды меңгереді;
  • Шығармашылық: роботты құрастыру бала робот бейнесі жасауда еркін әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл қиялдаудың ең үздік тренері. 

Шағын оқу орталығы көп пәтерлі аудандағы мектептің маңында ұйымдастырылуы мүмкін. Жобаның негізгі артықшылығы – еркін нарық. Курс шағын және орташа табысы бар тұтынушыларға арналған. Қызмет құны басқа оқу курстарының бәсекелестік ұсынысын ескер отырып дайындалады. Болашақта жобаны ірілендіру және жаңа бағыттарды дамыту ойластырылған.

Жобада қызметкер жалдау қарастырылмаған, кәсіпкер оқуды өзі жүргізеді. Білім беру бағасы қолжетімді. Бір сабақтың құны 2000 теңге – кез келген орталықта немесе үйірмеде дамыту сабақтарының орташа нарықтық бағасы. 

Нарық сараптамасы және маркетингтік стратегия 

Балаларға арналған дамыту орталықтары соңғы уақытта Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей Маңғыстау облысыың тұрғындары арасында кең таралған. Ірі елдімекендерде жүргізілген сауалнамаға сәйкес ата-ананың жартысы 8 айдан 8 жасқа дейінгі балаларын осындай орталықтарға берген немесе беруге дайындалып отыр. Бұл қызметтегі сұраныстың жоғарылығы бірте-бірте азайды және рбір отбасы үшін бұл қызметті алу жеңіл. Егер сұраныс болса, ұсыныс та бар. Соңғы уақытта балаларға арналған бағдарламалау және робот техникасының курстары таралып келеді. Бұл курстың сұранысы арта береді, осы саланы бастапқы кезеңде алуға болады. 

Мақсатты аудиторияның классификасы мен сипаттамасы 

Бұл орталықтың мақсатты аудитория – 5-14 жас аралығындағы балалар. Үш жастағы топқа (5-6 жас, 7-9 жас, 10-14 жас) үш оқу бағдарламасы қарастырылған. Әрбір топ үшін жеке робот техникасының жинағы арналған. Барлық құрастырғыштар өзара байланысты, ұқсас бөлшектер пайдаланылады, сондықтан балалар бір жинақтан екінші жинаққа оңай көшеді. 

Бастапқы салым:

Атауы

1 бірлік құны, Теңге (ҚҚС қосылмаған)

Сумма, Теңге (ҚҚС қосылған)

1

Бастапқы пакет

750 000

840 000

2

6 топқа арналған құрастырғыш жинағы (60 адам)

1 075 000

1 204 000

3

Жабдық және жиһаз

 

500 000

4

Сайт

 

50 000

5

Жарнама

 

200 000

 

Барлығы

 

2 794 000

 Қаражат ресурстары

Жоба банк мөлшерлемесі 19%-дан аспаса, 7 немесе 10% көлемінде субсидия алуға болатын (жоба қалада немесе ауылдық жерде, моноқалада жүзеге асырылса) «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржыландырылуы мүмкін. Франшизаны сатып алу құлдырау қаупін азайтып, жобаның жүзеге асырылуын жеңілдетеді.

Өндірістік жоспар

Бұл бөлімде кәсіпорынның табысы көрсетіледі. Қалада, моноқалады немесе елдімекенде жалға алу құны көрсетілген үлгіге қарағанда арзан, сондай-ақ қымбат болуы мүмкін екенін ескеру керек.

Абоненменттің орташа құны: айына 12 мың теңге. Оқушылардың орташа саны: 60 бала. Осылайша айына 720 000 теңге шамамсында айналым аламыз. 

Міне, осы сызба бойынша өз өңіріңізде кәсіпті бастай аласыз. Бала тәрбиесі ата-аналарды қызықтыратын тақырып. Ал роботехниканы игеру – балалардың смартфондарға деген қызығушылығын пайдалы арнаға бұру болып табылады. Егер балаңыз ерт жастан жобалау, роботты техниканы игере бастап, үйренсе, кейін инженерлік сала, ІТ-технологяилардың тілін тез меңгереді, ғылымға әуестігі оянады.

Айта кетелік, қызмет көрсетуде кәсіп бастауға ниетіңіз болса, бірақ қандай бизнес түрін таңдауды білмесеңіз, «Атамекен» ҰКП сарапшыларының биыл дайындаған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз. Аталған ресурста жоба саласы, жоба құны, өтемділік мерзімі, оны жүргізуге қажет жабдық пен мүккәмал атаулары, құны, маркетингтік жоспар, шығын мен табыс есебі барлығы көрсетілген. Сондай-ақ, кәсіп бастауда өңіріңіз бойынша орналасқан Кәсіпкерлер палатасына жүгінген жөн. Кәсіпті кәсіби мамандармен бастаңыз!

Әлия Кемелбекова

А. Оралқызы