Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен кәсіпкермін / Кеңестер / Бизнес жүргізуді үйрену қиын ба?

Бизнес жүргізуді үйрену қиын ба?

Бизнес жүргізуді үйрену қиын ба?

Жеке кәсіппен айналысқысы келетін жандардың көбінде немен айналысамын, қалай бастаймын, кеңесті қайдан аламын, кімнен үйренемін деген сауал туындайтыны белгілі. Кітаптар, семинарлар, тренингтерді таңдау керек пе әлде бизнесі бар танысыңның дәріс-тәлімінен өту қажет пе? Таңдау оңай емес.

Аталған тәсілдердің әрқайсысы да маңызды. Тәжірибелі кәсіпкерлердің дәрісін тыңдау арқылы көп нәрсені үйренуге болады, дегенмен егжей-тегжейлі берілмеуі мүмкін. Осы ретте бизнес-тренингтер мен жобалардың орны бөлек.

Биыл елімізде жүзеге асырылып отырған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» отбасылық бизнес, жеке кәсіп, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселесіне ерекше назар аударылған. 

Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсетіп отырған «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаржылық сауаттылықты арттыру мен кәсіпкерлікке баулуда бірнеше жобаларды қолға алып, түрлі семинарларды өткізіп келеді.

«Бизнестің жол картасы ­– 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету» атты төртінші бағытында «Бизнес-Насихат» жобасымен мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің шарттары туралы түсіндіру» құралдары бар.

«Бизнес-Насихат» жобасы арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында қалың көпшілікке мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, кәсіпкерлік идеясын тарату көзделген. Бағдарлама аясында жүзеге асырылған табысты жобалар мен кәсіпкерлерді таныстыру, кәсіпкерлікке қатысты заңнамалар мен реттеуді түсіндіруді де қарастырады.

Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес–мектеп» құрауышы аясында «Бизнес–Кеңесші», «Бизнес–Өсу» оқыту бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.

«Бизнес–Кеңесші»­ кәсібін жаңадан бастағандарға арналған екі күндік оқу курсы болса, «Бизнес–Өсу» кәсіпкерлікпен айналысып жүрген іскерлерге арналған 5 күндік оқыту жобасы. Сонымен қатар тәлімгерлік қағидасымен оқу жобасы 2 айға созылады.

«Бизнес–Мектеп» құрауышы аясында аталған оқыту жобалары шағын қалаларда, аудан орталықтарында, сонымен қатар Астана, Алматы, Семей, Түркістан қалалары мен облыс орталықтарында жүзеге асырылады.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Мәлік Мұсабеков ­– бірнеше жоба бойынша дәріс оқып, бизнеске баулып жүрген маман. Оның айтуынша бүгінде кәсіппен айналысушылар алдымен бастайды, одан кейін ғана ізденеді.

«Кәсіпкерлік палатасында бизнеске баулитын бірнеше жоба жүзеге асырылып келеді. «Бизнес–Кеңесші» жобасы 2 күнге арналған. Бірінші күні - экономикалық блок, онда бизнес-ойды қалыптастыру, қаржыны, залалсыздық нүктені, ең төменгі көрсеткішті есептеуді қарастырамыз. Сонымен қатар маркетинг тұрғысынан да білім беріледі. Заңнамалық реттеу, жеке кәсіпкерлік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу, олардың айырмашылықтары, салық төлеу, оның тәртіптері секілді бағыттар жан-жақты түсіндіріледі. Кәсіппен айналысушылардың көбі алдымен істі бастап алады. Осы курстардан өткеннен соң, туындаған сауалдарына жауап алады», – дейді Мәлік Мұсабеков.

Сонымен қатар өңірлердегі Кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер мектебі» құрауышын да жүзеге асырып келеді. Жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу, жастарды кәсіпкерлікке тарту, олардың біліктілігін арттыруға негізделген.

2017 жылдың бірінші жартысында «Бизнес–мектеп» құрауышы бойынша 14541 адам оқытылған. Бұл көрсеткіш бойынша жылдық жоспар 97%-ға орындалған. Ал 2017 жылдың қыркүйек айына дейін «Бизнес­–Кеңесші» жобасымен 16 128 қатысушы оқытылса, «Бизнес–Өсу» бойынша 1066 адам білім алған. Әрбір жобаның оқыту бағдарламасына қарай арнайы материалдар да дайындалады.

 Қарлыға Телман

1766 11
Рейтинг: +0

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: guardian.co.tt
Қосылған күні: 12 қазан, 16:25
Пікірлер
+0
12 қазан, 18:37

Қызық кеңес екен)

+0
25 қазан, 20:24

Бизнес жайлы көптеп жазыныздаршы...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...