Кәсіпкерлік білім берудің экожүйесі мектеп партасынан басталады

Кәсіпкерлік білім берудің экожүйесі мектеп партасынан басталады

Кәсіпкерлерлікке қалай үйреткен дұрыс, бизнес қандай мамандарға мұқтаж және біліктілікке қатысты басқа да мәселелер «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің отырысында талқыланды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске оқытуды кешенді ұйымдастыру мәселесін бірнеше жыл қатарынан көтеріп келеді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде 2019 жылдан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде 10-11 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады.

«Кәсіпкерлікке оқытудың сұранысы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқытуды мектеп оқушыларынан бастады, қазір ойын формасында біз балаларға негізді үйретпекпіз. Бизнес туралы қарапайым формада түсіндіре алатын көптеген форматтар, негізгі трендтерді қарастырдық. Келесі саты – колледждер мен жоғары оқу орындары болмақ. Мектеп оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша оқулық дайын, оқулық жеңіл, қазіргі таңда оны студенттерге бейімдеп, қолжетімді ету қажет. Пәнмен шамамен 100 мың студентті қамту жоспарланған», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Atameken Space коворкингін құру жоспарланған, онда студенттер өз идеяларын талқылап, емін-еркін ойларын жеткізіп, ең бастысы HR-маманмен кеңесіп, түйіндеме жазудың қыр-сырын үйренеді, әңгімелесуде өзіңді қалай ұстау керектігі құнды жайында мағлұмат ала алады. Бұдан бөлек, Atameken Services алаңында сапалы адами капиталды қалыптастыруға бағытталған Atameken Academy жобасы әзірленуде, онда бизнес-тренингтер, тапсырмалар жинақталады, сондай-ақ «Кәсіпкерлік негіздері» пәнімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасалады. Өз кезегінде комитет төрағасы Талғат Доскенов «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Білім және ғылыми министрлігі бірлесіп, «Кәсіпкерлік негіздері» жобасына бизнес-тренерлерді тарту және мұғалімдерді жаңа пәні оқытуға дайындау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 2017 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базасында жоғары оқу орындарының оқу процестеріне кәсіпкерлік білім беруді енгізетін «Қазақ кәсіпкерлік білім беру қауымдастығы» құрылған болатын.

«Отандық университеттер үш деңгей бойынша дамуы керек. Бұл кәсіпкер- университет, кәсіпкер-оқытушы, кәсіпкер-студент. Бірінші деңгей бойынша бізде әлеует бар, ал екінші және үшінші деңгеймен жұмыс істеу керек. Демек, кәсіпкерлік негіздерін білетін және студенттерге бизнес-дағдыларды үйрете алатын оқытушылардың тобы керек. Мақсатымыз – жастар кәсіпкерлік бағытында өз әлеуетін тиімді пайдалануы үшін мектеп және жоғары оқу орындары түлектерін оқыту», – дейді Қауымдастықтың төрайымы, AlmaU университетінің ректоры Алмагүл Қанағатова.

Қауымдастық және білім беру саласы өкілдерінің пікірінше, осындай оқу орындар білім беру сапасының үлгісін көрсетіп, жоғары білікті мамандар шығарады және бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бастап Қазақстанда BTS Digital компаниясы «Жаңа мамандықтардың атласын» құру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның қажеттілігі еңбек нарығында көптеген мамандықтарды алмастыра алатын жаңа технологиялар және автоматтандырылған жүйелерді енгізуге байланысты.

«Жақын болашақта адамдар бір ғана диплом алып немесе және бір мамандықты игерумен ғана шектелмейді. Байланысқан мамандықтарды игеру, маманның бірнеше дағдылары мен жеке қасиеттерін қамтитын мультиміндеттілік және машықтарды дамыту қажет. Бұл жүйелі ойлау, салааралық коммуникацияға бейімділік және процестер, жобалар мен ІТ- шешімдерді бағдарламалау машықтары. Қазір біз алдағы онжылдықта саланы не күтіп тұрғаны, негізгі ойыншылардың болашақта қалай қатысатыны, қандай дағдылар мен құзыреттер пайда болатыны, қандай мамандықтар жойылатынын түсіну мақсатында тау-кен қазу саласында пилоттық жобаны өткіздік», – деді BTSDigital білім беру жобаларының менеджері Олжас Сәкенов.

Отырыс барысында TRIZ жүйесіндегі инновациялық білім беру қызметтері нарығының ұлттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың тәсілдері қаралды.

Қорытындылай келе, комитет төрағасы Талғат Доскенов кәсіпкерлік университеттерін дамыту қажеттілігін атап өтті.

«Нарық және бизнес үшін өзекті жаңа біліктіліктерді қалыптастыруға жоғары оқу орындарының барлығы бірдей дайын емес, мемлекеттік қолдау да жеткіліксіз. Комитет оқу және практиканы бір-бірінен ажырамайтын процестер ету бойынша алдына міндет қойды. Өкінішке қарай, кәсіпкерлік адамдардың дербес кәсіби қызметі ретінде танылған жоқ. Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметтің кәсіби стандарттары да қалыптаспаған. Сондықтан бізге ел ішінде кәсіпкерлік білім беруді дамытудың экожүйесін құру қажет», – деді Комитет төрағасы.

Massaget