- Негізгі бет
- Мен кәсіпкермін
- Кәсіпкерге құнды кеңес...
Кәсіпкерге құнды кеңес
Соңғы рет қай дәмхананың мәзірінен теңіз балдырын көрдіңіз? Жапон мейрамханасын есепке алмай-ақ қойыңыз. Ойыңызға еш нәрсе келмей отыр ма? Бәлкім, мұның себебі Жапониядан басқа жерде сирек кездесетін теңіз балдырының ерекше дәмі кең таралмағандығында жатқан шығар.
Олардың жиынтық атауын кейде «теңіз көкөнісі» деп те атайды. Әдетте, салқын жағалауларда кездесетін теңіз орамжапырағы тыңайтқышсыз-ақ өседі де көмірқышқыл газымен «дем алады». Азот, фосфор секілді көмірқышқыл газы да климат өзгерісін өршітуі мүмкін. Бірақ мәселе сонда, әзірге теңіз орамжапырағының мөлшері жеткіліксіз болып тұр.
Ендеше, оны өсірумен айналысыңыз. Қазіргі уақытта бұл салада Қытай көш бастап тұр. «Олар 2015 жылы жеті миллион тоннадан астам теңіз орамжапырағын өндірді», – дейді Британдық Колумбия университетінің теңіз экологі Мұхаммед Ойынлола. Жапония мен Корея да теңіз орамжапырағын өсірумен ғасырлар бойы айналысып келеді.
«Егер бұл кәсіп кеңейетін болса, – дейді Ойынлола, – ол атмосферадағы миллиардтаған тонна көмірқышқыл газын сіңіріп алар еді». Теңіз орамжапырағының индустриясы дамуымен биотүрлілік те артады. Олар минералдар мен талшықтарға бай және гельге айналатын қасиеті бар. Оларды косметика мен дәрумендер жасауға, сондай-ақ жасанды тоғанда өсірілетін балықтар мен іріқара мал жемі ретінде пайдалануға болады.
Теңіз балдырлары жылы немесе салқын мұхит суында өседі. Теңіз орамжапырағының, Ирландия мүгінің және сүтшөптің мына қоспасы Мэн жағалауында орылған.
А. Қажиев