Кәсіп бастау: Іскерлік сусын

Кофе – ХХІ ғасырда сұранысқа ие сусындардың бірі. Көп адамдардың рационына берік енген бұл сусын әсіресе іскерлік ортада танымал. Хош иісті кофенің пайдасы мен кері әсері бар. Мәселен, кофе ой және физикалық еңбектің өнімділігін арттырады, ұйқыдан тұрарда тез сергіткіш қасиетке ие сусын, бұған кофе құрамында кофейн себепші. Сонымен қатар кофе бас сақинасының ұстауын болдыртпай, қатерлі ісіктің алдын алады, ал кофе құрамындағы антиоксиданттар өт жолдарын тастардан қорғайды. Ал кофені шамадан тыс тұтыну жүйке жүйесін әлсіретіп, ағзадан минералдарды айдап, кейбір дәрумендерді «өлтіреді».

Дегенмен осындай артықшылықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, кофе көп адамдар үшін ең хош иісті, ең дәмді, ең сергіткіш ыстық сусын болып қала бермек. Уақыт өте келе кофе ішушіле қатары көбеймесе, азайған жоқ. Оған қалалар мен мегаполистердегі кофеханалардың сан алуандығы айқын мысал бола алады. Демек, кофехана ашу – тиімді бизнес болуы мүмкін.

Қазақстанда кофехана индустриясын дамытуға бола ма? Осындай кәсіпті бастауға қанша қаражат керек? Кофехана ашу бойынша жоспарын құрап көрелік.

Кофехана индустриясы

Кофехана бизнесі ірі қалалар мен мегополистерде ұйымдастырған тиімдірек.

Инвестициялық жобаның мақсаты: кофехана ашу.
Жобаның құны: 16 655 000 теңге.
Өтелімділік мерзімі: 2,2 жыл.
Жоба тұжырымдамасы жаңа форматтағы кофехана ашу: кофехана мен кітап дүкенінің селбесі.

Бұл жобаның мақсаты:

1. Бизнесті дамыту үшін инвестиция тарту.
2. Инвестициялық жобаның табыстылығы мен тиімділігін негіздеу.
3. Қызметті ұлғайту және кеңейту үшін пайда түсіру.
4. Қызмет көрсетудің осы түріндегі сүранысты қанағаттандыру.

Біз құрғалы жатқан кофехана – «workshop café» форматындағы орын мен кофехананың селбескен түрі. Америкадан келген. Негізгі өнім: кофе, шай сусындары, десерттер, сэндвичтар, көжелер мен салаттар. Сондай-ақ, іскерлік әдебиетті ұнататынлар үшін кітап дүкені жұмыс істейді. Достық, романтикалық, іскерлік кестесу орны ойлау, кітап оқу, жұмыс істеуге жайлы. Келушілер – кәсіпкерлер, фрилансерлер, студенттер, кеңсе қызметкерлері. Жұмыстан тыс, бос уақытта келетін «үшінші» орынға айналдыру жоспарланған. Келушілерге жайлы да өнімді орынды жасау үшін жоғары жылдамдықтағы вай-фай жұмыс істейді, әрбір үстелдің жанында қуаттау көзі болады.

Қосымша көрсетілетін қызмет түрі: сауықтық шаралар; шақырылған тренер, коуч, оқытушылармен тренингтер, дәрістер; шеберлік сыныптар; сауықтық-танымдық жабдықты жалға беру, кофоркинг – фрилансер, суретші, жазушыларға жұмыс орнын ұсыныу, журналистерге сұхбат орнын жасау, тегін Wi-Fi.

Модель: бірнеше бөлмесі бар, асүй, дәретханасымен үлкен аумақты орынжай.

Жобада кофеханаға арналған жабдық алу, кофехана-дүкенге қажетті орынжайды жөндеу және басқа да шығындар қарастырылған. Қажетті инвестиция сомасы – 16 655 000 теңге. Инвестицияны банк несиесі арқылы – 16 655 000 теңге көлемінде тарту көзделген. Несиені «Бастау» жобасы немесе «Бизнес-Кеңесші» қысқа оқу курстарына қатысып, жобаны комиссия алдында қорғап, жылдық 6% жеңілдікпен алу жоспарланып отыр.

Алынатын активтер тізімі:

Нарықты зерттеу

Негізгі бісекелес fast-food пен free-flow сегментінде байқалады. Себебі осы орындар тұтынушылардың көбіне тиімді жағдай жасайды. Негізгі тұтынушылар қатарында ортадан төмен деңгейде табыс табатын мемлекеттік қызметкерлер бар. Нарықта осы сегменттің көлемі 2014 жылдың соңында 17 145 043 000 тг құраған. Бүгінде fast-food сегментінде бірнеше желі қалыптасты: KFC – 9, Hardee’s – 3, Burger King – 7, «Пицца Блюз» – 3, McDonalds – 1.

Астана қалаларында кофеханалардағы орташа чек құбылмалы: 600 теңгеден бастап 10 000 мыңға дейін барады және одан да жоғары.
Әрбір сегментте «Мадлен» – 3, Brioche – 2, Бауырсакoff – 4, «Сладкая Сказка» – 4 орын сияқты желілік кафелер жұмыс істейді.

Астанада желілік мейрамхана бизнесі екі типті орынмен танылған. Біріншісі – жылдам тамақтандыру орындары, екіншісі – түрлі жоспардағы орындар, бір сауда маркасымен байланысқан немесе бір мекемеге жатады.

Жылдам тамақтандыру желілері түрі сауда маркасымен, бірақ бір компаниямен танылған, мысалы KFC, Hardee’s, Pizza Hut және Costa Coffee сияқты маркаларды иеленетін Americana Group. Ал QSR компаниясы Burger King желісінің қосқан. Осылайша Астанада жылдам тамақтандырудың 4 брэндінен 19 орын ашқан екі ірі компания бар, қала бойынша орналасқан.

Әлдеқайда жоғары деңгейдегі орындарды келесі компаниялар ашқан:

Americana Group компаниясы Costa Coffee кофеханасын 4 жерде ашқан. Good Project сауда маркасында – «Бархат», Chivas Lounge, Dim Sum, «На Крыше», Kyoto Bar, «Мясо» және «Запой» орындары бар. Assorti сауда маркасы осы атаумен 4 жерде жұмыс істейді, Pucha сауда маркасы – «Хива», «Приют бодливой козы», «Бухара», «Эпоха» және «Разгуляй» қала сыртындағы демалыс орнында танылған. AB сауда маркасы – Del papa (3 орын), «Бочонок», «Клава Давай», Augustin и «Дареджани». «Арка» ЖШС келессі орындармен танылған – Tre Kronor, «Фархи», «Сәтті» және «Изуми Тай». Coffee Boom желісі 3 орын ашқан. Traveler’s Coffee сауда маркасының да 3 орны жұмыс істейді. «Шоколадница» ресейлік сауда маркасы 2 жерде ашылған. Осылайша 9 мейрамхана эелісі түрі бағыт пен деңгейде 39 орында жұмыс істейді. Нарықта 3 республикалық операторда 14 орын және 3 шетелдік операторда 9 орын жұмыс ашқан.

Келушілердің жасы мен жынысы. Астанада кафе мен мейрамхананың негізгі клиенттері 25-34 жас аралығындағы жастар және 35-44 жас аралығындағы ересектер. Олардың негізгі үлесі 53%. Жалпы алғанда, соңғы 3 айда Астана тұрғындарының 3/5 бөлігі кафе мен ресторанда уақыт өткізген.

Әлеуметтік деңгей. Мейрамханаға баратындардың жартысы тұрмыс құрған/үйленген азаматтар, 27% бойдақ/басы бостар, 11% теңімен бірге өмір сүретіндер. Тұл, ажырасқан немесе азаматтық некеде тұратын ерлер мейрамханаға сирек барады, ал сондай отбасылық жағдайдағы әйелдер жиірек. Дегенмен мейрамханада тұрмыс құрмағандарға қарағанда бойдақ ерлер 12%-ға артық.

Мейрамханада уақыт өткізетіндердің материалдық жағдайы жақсы. Негізінен қол еңбегімен айналыспайтын білікті мамандар (23%) мен қызметкерлер (34%). Зерттеуден анықталғандай мейрамханаға келушілердің 41% орташа айлық табысы 50-100 мың теңге, отбасындағы орташа айлық табыс 100 мың теңге және жоғары. Соңғы уақытта мейрамханаға келушілердің басым бөлігі (68%), азық түлікке 30-70 мың теңге аралығында жұмсайды.

Маркетингтік стратегия. Маркетингтік процесс қарқынды жарнамалық компаниядан басталады, себебі жарнама сауданы жүргізеді. Өткізуді ынталандыру жарнаманың тиімділігі мен жеке сатылымды арттырады.

Журналистер мен БАҚ-қа тегін контент ұсыну. Нарық туралы сұқбат беру, клиенттердің мәселелері, сараптамалық есеп, статистикалық мәліметтер ұсыну, апта сайын қызықты айдарларла жаңа ақпарат беру – танымалдылыққа ұмтылу.

Клиенттердің пікірін бизнес иея туралы айталғаннан жинау. Фирмалық балнкіларге мөрмен, бірінші басшы атынан жазылуы.

«Сарафанды радио» – халықты, мобильді қосымшаны ақпарат таратудың құралы ретінде қарау. Ауыздан ауызға таралу нарықта тиімділігі жоғары екені белгілі.

Тегін кеңес алу, демонстрация, үлгілер. Клиентпен үнемі байланыста болу, мониторинг жасау. Арнайы ұсыныстар туралы айтып, акциялар, жеңілдіктерді хабарлау.

Сыйлық сертификаттары, икемділік бағдарламасы. Корпоративті клиенттер үшін тиімді ұсыныс.

Өткізу нарығының сипаттамасы. Ең алдымен, мұндай орындарда астысы – жайлылық. Клиенттер – тұрақты табыс табатын, 22-65 жас аралығындағы орта кластың өкілдері.

Орналасу мен инфрақұрылым сараптамасы. Ұсынылатын қызмет жалға алынған орында жүзеге асыррылады. Жалға алу құны 1 000 000 теңге. Орынжай өндірістік талапқа сай болуы керек: жарық, кәріз жүйесі қосылған, жылы, ауа алмасатын. Жалпы ауданы – кемінде 200 ш.м.

Бұл Кәсіпкерлер палатасы менеджерлері ұсынған кәсіп бастаудың бір үлгісі. Ойыңызда жеке идея-жсопарыңыз болса, өз өңіріңіздегі Кәсіпкерлер палатасына жүгінуді сұраймыз. Сонымен қатар бизнеске арналған бизнес-жоспарға тапсырысты services.atameken.kz порталына беруге болады.

Атап өтейік, services.atameken.kz порталы өткен жылы бизнеске тегін қызмет түрлерін ұсынатын алаң ретінде іске қосылған. Порталда бизнеске қажетті әрі пайдалы сервистік қызмет түрлері қарастырылған. Бүгінде 14 мың кәсіпкер Atameken Services порталына тіркеліп, сервистік қызмет түрлерін пайдалануда. Жалпы порталда бизнес-жоспарды құру, салықтық есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу және т.б. 60-тан астам сервистік қызмет түрі ұсынылған. Осы қызметтер порталдың жаңа нұсқасында «Қаржыландыру», «Оқыту», «Құқық қорғау» және «Сату» атты 4 негізгі бөлікке жинақталған.

Әлия Кемелбекова