Кәсіп жүргізуде салық төлеу, бухгалетерлік және қаржылық есептеулер жүргізу аса маңызды. Кіріс пен шығысты реттеп,бақылап отыру бизнесті дамытудың негізі. Бухгалтерлік есептің нысанасы кәсіпорынның қаражаты кәсіпорынның қызмет ету процесінде құрылған және табыс алумүмкіндігін беретін ресурстары болып табылады. Кәсіпорын қаражатының қалыптасуы белгілі бір шығындарғаәкеледі, сол себепті кәсіпорын шығындарының құны бар. Осығанорай бухгалтерлік есеп құндық (ақшалай) бағасында және заттайтүрінде (ұзындық, көлем, салмақ бірліктері, сұрыптар, түрлер,мөлшер бойынша және т.б.) жүргізіледі. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубының мүшесі ҚР аудиторы, DipIFR (АССА), кәсіби бухгалтер Елена Горбачева қаржылық есептеу жүргізуде жиі кездесетін 10 қателікті белгіледі. Есеп жүргізудегі басты №1 қателік ұзақмерзімді міндеттемелер мен активтер қысқа мерзімділерден ажыратылмауы. Қаржылық есептеуді тапсырған уақытта ұйым айналымды және айналымнан тыс активтерді, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді бөліп көрсетуі тиіс. Ал өтімділіктің деңгейі ұсыну әдісі бойынша сенімді және неғұрлым маңызды ақпаратты ұсынған кезде жеңілдік жасалады. Айналым активтері: Активті сатуға немесе сату үшін ұстауға немесе қалыпты операциялық цикл ішінде қолдануға болады; Актив сауда мақсатында қолданыста болады; Активті есептілік жүргізілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдалану қарастырылған; Актив деп қаржылық құралдар немесе олардың пайдалануда шектеуі жоқ эквиваленттерін білдіреді; Қысқа мерзімді міндеттемелер: Міндеттеме қалыпты операциялық циклдің аясында реттеуді көздейді; Міндеттеме есепті кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде өтелуге жатады; Компания есепті күннен кейін кемінде 12 ай ішінде жауапкершілікті өтеуді кейінге қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ. №2 қателік форма алдында мазмұнның басымдық принципін елемеу. Ақпарат операциялар мен басқа да оқиғаларды шынайы сипаттауы тиіс. Операциялар олардың заңгерлік формаларына емес, экономикалық мәніне қарай белгіленеді. №3 қателік негізгі қаражаттың пайдалы қызмет ету мерзімін дұрыс бағаламау. Пайдалы қызмет мерзімі активті пайдаланудың болжамды кезеңі немесе активті пайдалану арқылы болжанатын ұқсас бірліктер саны. Күтілетін пайдалы қызмет мерзімі активтің күтілетін қуаты немесе физикалық көрсеткіштері, болжамды физикалық, технологиялық және моральдық нашарлауы, активті пайдалану бойынша заңдық немесе басқа шектеулер негізінде күтілетін пайдалану негізінде анықталады. Шатасып кетпеу үшін Елена Горбачева негізгі қаражат тізілімін құрып, нөлдік теңгерімді құны бар объектілерді анықтау, мүкәммалды тіркеуде қалған пайдалы қызмет ету мерзімді бағалау, негізгі қаражат есебін жүргізу карточкасына өзгертулер енгізуді ұсынды. №4 қателік бухгалтерлік және жеке шоттар арасындағы салық бойынша айырмашылық. Салықтар және басқа да міндетті төлемдербойынша бухгалтерлік есептер шотының сальдосы салық төлеушінің жеке шотындағы сомалармен сәйкес келмейді.Бұл теңгерімсіздік салықтарды есептеу және төлеу кезінде есепке алудың дұрыс емес шотын / қосалқы шотын / қосалқы конто бухгалтерлік шотын қолдану салдарынан пайда болады. Себептердің арасында, сондай-ақ, бухгалтерлік есепте шығындарға жазылмаған өсімақылар мен айыппұлдар, салық бойынша декларацияланбаған төлемдер бар. Мұндай олқылықтарды алдын алу үшін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша тексеру, салыстыруды тоқсан сайын жүргізу ұсыналады, барық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша кесте (есеп) жүргізу және қосымша декларация көрсету керек. №5 қателік активтер және міндеттемелердің құны мен бар болуы арасындағы алшақтық. Себептері: бухгалтерияға ақпарат және құжаттарды уақтылы тапсырмау, түгендеудің болмауы, ішінара түгендеу, контрагенттермен салыстыру жүргізудің практикасының болмауы, бухгалетрлік есепте операцияны дұрыс көрсетпеу, өткен бухгалтериядан қалған мұраның болуы. Келесі шараларды қолдану ұсынылады: активтер мен міндеттемелерді (әр тоқсанда кемінгде бір рет, материалдық жауапты адамдардың ауысуы уақытында), контрагенттермен салыстыру актілерін түгендеу, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бағалау, бухгалтерияға құжаттарды өткізу мерзімі мен ережесін ескеру керек. Қаржылық есептілікті жүргізудегі келесібес қателік: -кейінге қалдырылған салықты елемеу, - ақшалай құралдарды қозғалысы туралы дұрыс емес есептеу -байланысқан тараптар туралы ақпаратты жіберіп алу, -қаржылық құралдар мен тәуекелдер туралы ақпараты жіберіп алу, қаржылық есептілік нысандары мен жазбалар арасындағы келісімнің болмауы. Құжаттар бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы, солсебепті оларды құрастыру дұрыстығы мен уақтылығына бүкілесептің сапасы тәуелді болады. Құжатты шығармай, кәсіпорынқаражатының қозғалуы мүмкін емес. Құжаттың заңдық маңызыбар, сондықтан кез келген даулы мәселені тек құжаттардыңкөмегімен ғана шешуге болады.Құжаттардың деректемелері және олардың түрлері.Деректемелер құжат қамтитын деректер. Барлық құжаттардың міндетті түрде деректемелері болуға тиіс жәнеолар негізгі және қосымша болып бөлінеді.Негізгі деректемелер кәсіпорын атауы, құжат атауын,операцияның күні мен мазмұнын (атауы, өлшем бірлігі,саны, бағасы, сомасы), операцияға жауапты тұлғалардыңқолтаңбаларын қамтиды. Айта кетелік, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатсы 2018 жылдың қазан айында бизнесмендердің нақты қажеттілігіне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкіндік беретін келісім-шарттар нұсқаларыныңҚұжаттар конструкторы онлайн-сервисін іске қосты.сontract.аtameken.kz сервисі пайдалануда ашық әрі ыңғайлы. Сервистің артықшылығы кәсіпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзінің қажетіне қарай құжаттарды құрастыра алады. Ыңғайлылық үшін сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерін сақтап отырады. Осылайша келесі жолы толтыру кезінде уақыт үнемделеді. Әлия Кемелбекова